Құрметті тәрбиешілер
Кіріспе бөлім
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Шаттық шеңбері
Жаңа қадам жасадым,
Қош болып тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын,
Балабақша есігін.
Құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке — Білім күнімен құттықтаймын!
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз 1 қыркүйек — Білім күніне арналады. Бұл күні барлық балабақшаларда, мектептерде және өзге де білім беру мекемелерінде сабақтар басталады. 1 қыркүйек — халықтың дәстүрлі мерекесі.
Бұл күн сендер үшін де, біз үшін де — ұстаздар мен тәрбиешілер үшін — үлкен мереке. Әр мектепте, балабақшада және білім беру ұйымдарында тұңғыш қоңырау соғылады. Сол қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады.
Жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін ерінбей оқып, білім алу қажет. Ол үшін балабақшаға күнде келіп, сабаққа қатысып, тәрбие алып жүру маңызды.
Сұрақ-жауап: Қазақстан туралы білімді еске түсіру
Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
Әнұран, Елтаңба, Ту.
Біз қай Республикада тұрамыз?
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елорда қай қала?
Астана қаласы.
Біз қай ауылда тұрамыз?
Шелек ауылында.
Балабақшамыздың атауы қалай?
«Бәйтерек» балалар бақшасы.
Сендер өз Республикаң, мемлекеттік рәміздер, елорда туралы жақсы білесіңдер. Жарайсыңдар!
Негізгі бөлім
Ендеше мерекеге арналған өлең-тақпақтарымызбен оқу іс-әрекетімізді жалғастырайық.
Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім-ғылым бастауы, мерекелі,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Шапалақ.
Іңкәр
Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек,
Қарсы алшы біздерді!
Абылай
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын мерекеміз!
Жансая
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Айбота
Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз,
Біз — осы үйдің сәніміз.
Назым
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Айша
Білім — менің ертеңім,
Өсу үшін өркенім.
Жүзем оқу айдында,
Жайып білім желкенін.
Айқын
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей,
Еліме қызмет етуге!
Жанерке
Қыркүйектің бірінде,
Кеудем толы дірілге,
Құлақ түйем елеңдеп,
Бақша деген бір үнге.
Думан
Балабақша — айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды,
Өзіңе қайтарамын.
Мақал-мәтелдер
- Анар Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
- Жанерке Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
- Айбек Ақыл азбайды, білім тозбайды.
- Ангелина Оқы да біл, ойна да күл.
- Даниял Білім күні құтты болсын!
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Қорытынды бөлім
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы,
Ғалымдық та асқаралы.
Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады!
Тәрбиешінің қорытынды сөзі
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс-әрекеттері, қызықты әрі көп нәрсені үйренетін күндер басталады. Әрқашан бүгінгідей көтеріңкі көңіл күймен жаңа білім алып, бірге өсейік.
Білімнің бастауы — балабақшада.