Түлкінің терісі бағалы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№6 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі

Нұрмашева Салтанат

Тақырыбы

Жануарлар қалай қоректенеді?

Сабақ түрі

  • Типі: Жаңа білімді меңгеру
  • Түрі: Жаңа сабақ

Мақсаты

  • Оқушылардың ойын жинақтап, жүйелі сөйлеуге үйрету.
  • Жануарлар туралы білімдерін пысықтай отырып, олардың тіршілігі жайлы мағлұмат беру.
  • Ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
  • Жануарларды қорғауға, күтіп-бағуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Жануарлардың суреттері
  • Тірек сызбалар
  • Оқу фильмі

Әдісі

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Өз бетімен жұмыс

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық,

Түп-түзу боп тұрайық.

1-қатар жай отыр.

2-қатар сен де отыр.

3-қатар тез отыр.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жануарлар тобына нелер жатады?
  2. Жануарларға не қажет?

III. Жаңа сабақ

Орманда көптеген құстар тіршілік етеді: көктеке, көкек, тоқылдақ, көкшымшық және басқа да көптеген түрлер. Күн сайын олардың сан алуан үнін естиміз. Құстар күні бойы қорек іздеп жүреді.

Тоқылдақ — орман дәрігері

Слайд 2

Тоқылдақ жазда да, қыста да ағаш діңін тоқылдатып жүреді. Ол ағаш қабығының астындағы дернәсілдерді жейді. Тұмсығы өте мықты болғандықтан, қабықты оңай тесіп, саңылаудағы жәндіктерді құртады. Сол үшін оны «орман дәрігері» деп атайды.

  • Қорегі: дернәсілдер, жәндіктер
  • Ерекшелігі: мықты тұмсық, ағаш қабығын теседі

Құмырсқалар — табиғат сақшылары

Слайд 3

Құмырсқалар илеуде тіршілік етеді және зиянды жәндіктермен қоректенеді. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне шамамен 20 000 зиянкес жәндікті құрта алады. Олар әрдайым бір-біріне көмектесіп, ұйымшыл әрекет етеді.

  • Қорегі: зиянды жәндіктер
  • Пайдасы: орманды зиянкестерден қорғайды

Аю — бәрқоректі аң

Слайд 4

Аю — қоңыр түсті, аяғы күшті, тырнағы өткір, тісі берік ірі аң. Ол алуан түрлі азықпен қоректенеді: шөп, ағаш тамыры, жидек, саңырауқұлақ, жәндіктердің дернәсілдері және балық. Дегенмен аю көбіне ұсақ аңдарды да аулайды.

Негізгі ой

Аю — бәрқоректі: өсімдік те, жануар текті азық та жейді.

Бұлан — ең ірі тұяқты жануар

Слайд 5

Бұлан — Қазақстандағы ең ірі тұяқты жануарлардың бірі. Оның бойы 2 метрге дейін, салмағы 600 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Еркегінің күрек тәрізді орасан үлкен мүйізі болады, ал ұрғашысы көбіне мүйізсіз келеді.

  • Жазда: шөппен қоректенеді
  • Қыста: ағаш пен бұтаның бұтақтарын жейді

Көрнекілік

Фильм көрсету: бұланның қоректенуі мен тіршілігі.

Түлкі — епті жыртқыш

Слайд 6–7

Түлкі Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Терісі ашық сарыдан сұрғылт қызыл түске дейін құбылады. Негізінен тышқандармен және тоқалтіспен қоректенеді. Сондай-ақ жерге ұялайтын құстардың ұясын тауып, жұмыртқасы мен балапандарын жей алады.

Қоректенуі

  • тышқандар, тоқалтістер
  • құс жұмыртқасы, балапандар

Маңызы

Түлкінің терісі бағалы. Одан баскиім мен тон тігіледі.

Тапсырмалар

  1. Сүтқоректі жануарлардың немен қоректенетінін айтып бер.
  2. Жыртқыштар немен қоректенеді? Жауабын нақтылау үшін фильмнен үзінді көр.

Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау

Қорытындылау

Жануарлардың қоректенуі олардың тіршілік ету ортасына, дене құрылысына және мінез-құлқына байланысты.

Үй тапсырмасы

Өзің ұнататын жануардың суретін салып кел.

Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігі, жауаптың толықтығы және тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.