Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту

Ұлыстың ұлы күні Мерекелік сайыс Дәстүр • Өлең • Ойын

Жүргізушінің құттықтауы

Армысыздар, ағайын! Бүгін, міне, біздің төл мерекеміз – Наурызға қош келдіңіздер! Соған орай колледждің 1–2 курс білім алушылары арасында «Наурыз – думан» атты мерекелік сайыс өткіземіз. Ең алдымен сайысқа қатысатын білім алушылармен таныстырып, әділқазылар алқасын таныстырамыз.

Кіріспе сөз: Наурыздың мәні

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз. Бұл күн жыл сайын 22 наурызда атап өтіледі. Дәл осы кезеңде күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайды.

Сондықтан ертедегі адамдар Наурызды жаңа жылдың басы, Ұлыстың ұлы күні деп біліп, игі тілекпен, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт бір-бірінің үйіне кіріп, наурызкөже ішіп, жастар ән шырқап, ойын-сауық құрған.

Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақ халқы ғана емес, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзербайжан халықтары да тойлаған. «Хәлім қандай десең, салтымнан санап біл» дегендей, бүгін біз сіздерді жыл басы – Наурыз мерекесінің думанына шақырамыз!

Өлең-жыр: Наурызға арнау

Төмендегі жолдар білім алушылардың мәнерлеп оқуына арналған. Әр үзінді мерекенің жаңару, береке, бірлік идеясын айқындайды.

1-білім алушы

Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған —
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан!

2-білім алушы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс күні басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге!

3-білім алушы

Жаңарғанын сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!

4-білім алушы

Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан —
Әнге толды, күйге толды маңайым!

5-білім алушы

Наурыз елдің ақжарылқар айындай,
Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай.

6-білім алушы

Біреуім екеу болып, мал қосылды,
Қораға бұзау, лақ, қозы толды.
Ызғарлы суық қыстың қары кеміп,
Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.

7-білім алушы

Ұзамай қар да кетер, жаз да болар,
Сай-сала гүрілдеп суға толар.
Бөленіп жер жібекке, тың құлпырып,
Шалғынға көк орайы ауыл қонар.

8-білім алушы

Жол иесі бүгін келді, жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын —
Жаңа жыл, бүгінгі күн — жаздың алды.

9-білім алушы

Береке күннен-күнге таси берсін,
Елімнің үстемдігі арта берсін.
Күш қосып, ұйымдасып, қоғам болып,
Ел өрлеп, ілгері аяқ баса берсін.

Ойын бөлімі: алғашқы тур

I тур — «Бәйге»

1-курс білім алушыларына рахмет! Енді ойын кезеңіне кезек береміз. Алғашқы тур — «Бәйге».

Жылдамдық Білім Тапқырлық