Әкең неше жаста
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушылардың екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Балаларды ақыл-ой және еңбек тәрбиесіне баулу; дәптермен жұмыс барысында ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету; пәнге қызығушылық пен сүйіспеншілікті ояту.
Дамытушылық
Жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Әдістер
- Түсіндіру
- Көрсету
- Өзіндік жұмыс
Көрнекілік
- Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
- Кестелер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа даярлық
- Амандасу
- Түгендеу
Психологиялық дайындық
Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар. Жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар:
Мен бақытты баламын.
Жан дүниемде күн нұрлы.
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді!
Білімді, алғыр болғым келеді!
II. Үй тапсырмасын тексеру
№7 (16-бет)
Есеп 1
3430×35 + (68832÷16 − 237×12) = 121508
Есеп 2
(89718÷89 − 992÷16)×2 + 543709 = 545309
III. Өткенді пысықтау
№1 жаттығу: есептеулерді қарастыру. Оқушылар өздерінің қалай есептегенін түсіндіреді.
IV. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Сынып оқушылары «Алғырлар» және «Білгірлер» топтарына бөлінеді.
Әр тапсырманың өзіндік құны бар. Топтар тапсырмаларды орындау арқылы «қаражат» жинайды. Сабақ соңында ең көп қаражат жинаған топ жеңіске жетеді.
V. Жаңа сабақ
Математикалық диктант
500 тг- 2800 санын 14 пен 5-тің көбейтіндісіне бөл.
- 2800 санын 14 пен 5-тің көбейтіндісіне көбейт.
- 97 мен 103-тің қосындысын 6 есе арттыр.
- 72-ні 257 мен 43-тің қосындысына көбейт.
№2 (а) Есепте және дұрыстығын тексер
500 тг45150÷14
921570÷51
175440÷43
740160÷36
888860÷98
813400÷28
302520÷12
908820÷18
247230÷41
986750÷5
526350÷3
195760÷8
№3 Тапсырманы талдап шығар
200 тг1) Теңдеу
540÷x + 15 = 150÷2
540÷x + 15 = 75
540÷x = 75 − 15
540÷x = 60
x = 540÷60
x = 9
Тексеру: 540÷9 + 15 = 150÷2 → 75 = 75
2) Теңдеу
x×50 + 100×9 = 250×4
x×50 + 900 = 1000
x×50 = 1000 − 900
x×50 = 100
x = 100÷50
x = 2
Тексеру: 2×50 + 100×9 = 250×4 → 1000 = 1000
3) Теңдеу
120 + x×15 = 375
x×15 = 375 − 120
x×15 = 255
x = 17
Тексеру: 120 + 17×15 = 375 → 375 = 375
4) Теңдеу
600 − 120 + x×12 = 600
480 + x×12 = 600
x×12 = 600 − 480
x×12 = 120
x = 10
Тексеру: 600 − 120 + 10×12 = 600 → 600 = 600
5) Теңдеу
1260 + 12×x = 3000
12×x = 3000 − 1260
12×x = 1740
x = 1740÷12
x = 145
Тексеру
1260 + 12×145 = 3000
3000 = 3000
Кім жылдам?
1000 тгТез есептеп үйрену үшін төмендегі өрнектерді орында:
Өрнек 1
(300×3÷30×150 − 1500) + 2009
Өрнек 2
(40×30 + 110 + 30×3)÷7 − 200 + 3115
№6 Есеп
1000 тгШешуі
2000 − (278 + 278×3) = 888
Жауабы: кешкі көрсетілімге 888 билет сатылды.
Логикалық тапсырмалар
2000 тг1) Қожанасырдың «өтірік жасы»
«Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе, менің өтірік жасым шығады. Ал шын жасымды айтпаймын — оны халық біледі», — дейді.
Сұрақ: Қожанасырдың өтірік жасы нешеде?
2) Азат неше жаста?
Азат: «Мен әкемнен 5 есе жаспын, інімнен 5 жас үлкенмін. Ал әкем мен інімнің жасы бірге алғанда 61-ге тең», — дейді.
Сұрақ: Азат неше жаста?
№7 Фигураның ауданын тап
1000 тгS = 9 м × 10 м − 5 м × 4 м = 70 м²
№8 «∠MBK» бұрышы
1000 тг«∠MBK» бұрышы туралы дұрыс тұжырымды таңда.
VI. Бекіту
Балалар, бүгін біз не үйрендік? Білімді бекіту үшін электронды оқулықтан тест тапсырмаларын орындаймыз.
VII. Үй тапсырмасы
№5 есеп (17-бет).
Бағалау және қорытынды
Топтардың жинаған қаражаты есептеледі. Ең көп қаражат жинаған топ жеңіске жетеді.