Өсімдіктерде арнайы тынысалу мүшелері

Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже

Бұл сабақ өсімдіктердің тыныс алуының түрлері мен құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіруге, сондай-ақ гүлдің құрылысы мен оның маңызын жүйелеуге бағытталған.

Барлық оқушылар

Өсімдіктердің тыныс алуын және негізгі құрылымдық ерекшеліктерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Тыныс алу мен фотосинтезді салыстырып, айырмашылығы мен байланысын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар (дарынды)

Тыныс алуға әсер ететін факторларды талдап, мысалдармен дәлелдейді.

Оқу мотивациясы төмен оқушылар

Негізгі ұғымдарды (тыныс алу, фотосинтез) қысқа әрі нақты анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақ үш кезеңмен ұйымдастырылады: басталуы (ынтымақтастық пен ұйымдастыру), ортасы (түсіну және талдау), аяқталуы (қолдану және бекіту).

Басталуы: ұйымдастыру және «Білу»

  • Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Оқушыларды топқа бөлу, топ мүшелерін сайлау және топ ережесін нақтылау.
  • Топтар өз атауын қорғайды, бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді; өзара бағалау жүргізіледі.

1-топ

Тыныс алу

2-топ

Фотосинтез

Ортасы: «Түсіну» және белсенді әдістер

«Кезбе тілші» әдісі

Әр топ ақылдасып, бір «тілші» сайлайды. Топ сұрақтарды бірлесе дайындайды, тілші келесі топқа барып сұрақ қояды. Жауаптар қысқа, нақты және дәлелді болуы тиіс.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»

  1. 1.Фотосинтез дегеніміз не?
  2. 2.Өсімдіктер қалай қоректенеді?
  3. 3.Өсімдіктердің ауа арқылы ластануы дегеніміз не?
  4. 4.Гүлшоғыры дегеніміз не?
  5. 5.Тозаңдану дегеніміз не?
  6. 6.Ұрықтану дегеніміз не?
  7. 7.Өздігінен тозаңдану дегеніміз не?
  8. 8.Өскіннің пайда болуын атаңыз.
  9. 9.Тұқымның өнуі үшін не қажет?
  10. 10.Гүл формуласы дегеніміз не?

Сергіту сәті

Биологияға қатысты негізгі терминдерді үш тілде айту (мысалы: тыныс алу, фотосинтез, тозаңдану).

Постер қорғау

Топтар тыныс алу мен фотосинтездің ұқсастығы мен айырмашылығын постер арқылы түсіндіреді.

Биологиялық диктант

Бос орындарға тиісті сөздерді қойып, анықтамаларды толықтырыңыз.

  1. 1. Тыныс алу дегеніміз — __________ қосылыстардың тотығуы.
  2. 2. Температура неғұрлым жоғары болса, __________ соғұрлым жиілейді.
  3. 3. Өсімдіктерде арнайы тыныс алу мүшелері __________.
  4. 4. Улы заттар __________ көбейіп кетсе, өсімдіктерді уландырады.
  5. 5. Қыстың __________ аязында да өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамайды.
  6. 6. Тұқым кеуіп қалса, __________ баяу тыныс алады.

Аяқталуы: «Қолдану» және бекіту

«Фишбоун» (Fishbone) әдісі арқылы негізгі мәселені, себептерді және қорытындыны құрылымдап, дәлелді жауап беріңіз.

Талқылау сұрақтары

  1. 1.Өсімдіктер қалай тыныс алады?
  2. 2.Қандай жағдайлар тыныс алуға әсер етеді?
  3. 3.Тыныс алу қай кезде жылдамдап, қай кезде баяулайды?
  4. 4.Фотосинтез бен тыныс алуды неліктен қарама-қарсы процесс дейміз?
  5. 5.Ауа қандай заттармен ластанады?
  6. 6.Судың тыныс алуға әсері қандай?
  7. 7.Тыныс алу дегеніміз не?
  8. 8.Өсімдіктерде арнаулы тыныс алу мүшесі бола ма?

Құжат мәліметтері

Мұғалім

Айтжанова А.

Күні

Көрсетілмеген

Ескерту

Материал оқу жоспарына сай өңделіп, тілдік және мазмұндық тұрғыда редакцияланды.