Сыр ашпайды сенің құла түздерің, Сыр ашпайды тау - тастағы іздерің

Мұқағали Мақатаев

Бабаларым,
Рақмет сендерге
Балаларым болмасын деп көр - кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рақмет сендерге!
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың айтпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң - зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің,
He білмеген, не көрмеген, ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім.
Мен білмеймін.
Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып, жасадың ба жаннат - бақ.
... Әлдеқалай тасқа түскен таңбада
Табынамын, тарихымдай ардақтап.
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау - тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраңның пернесінен іздедім.
Іздедім де, сәттерімде, түңілген,
Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем.
Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем:
Тарихымды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!
... Менің мына қайта туған күнімде,
Сөйле, оркестр, дүрілде бір, дүрілде!
Сөйле, Моцарт, менің Ана тілімде,
Сөйле, Данте, менің Ана тілімде.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Ереуілтөбе – ұрпақтар тағдыры тоғысқан өңір
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Қазақ поэзиясының тарихи контексті
«Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Баян образының жасалуы
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Төле би туралы мағлұматтар
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Ұлттық саяси жүйесі
Мүшелге табыну мақсат емес, әлемеу қателік
Сақтар мен гундардың мәдениеті мен тарихы
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
ЖӘҢГІРҰЛЫ ТӘУКЕ ХАН
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
ТАУАСАРҰЛЫ ҚАЗЫБЕК
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ