Ауа туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші
Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістері
- Түсіндіру
- Тәжірибе жасау
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Шар
- Плакат
- Суреттер
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Ауаның құрамы мен ауа қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезілетінін дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршайтынын және оның тірі табиғат үшін маңызын ашу. Тәжірибе арқылы көз жеткізу.
2) Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, елестету қабілетін және өз ойын нақты жеткізе білу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Табиғатты қорғауға, аялауға, қоршаған ортаға өз үлесін қоса білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
- Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.
- Топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.
Сынып ережесін еске түсіру
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғыну, ұлағат.
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.
II. Үй тапсырмасын тексеру (қызығушылықты ояту)
«Күн шуағын ашу» ойыны
- Арал теңізі мен Балқаш көліне құятын өзендер қандай?
- Қазақстан жерінде қандай көлдер бар?
- Табиғаттағы суды ластайтын заттарды ата.
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту: «Көзге көрінбейтін сиқыршы»
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір «сиқыршы» бар. Онымен әрқайсымыз күн сайын кездесеміз. Сен оны көрмейсің, бірақ жанында екенін сезесің. Мысалы, ол есікті тарс жапқандай болады. Көшеде келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жермен жорғалап бара жатқанын көресің — оны әлгі көрінбейтін күш қозғалтқандай. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді де байқайсың. Ол сені үнемі қоршап тұрады, сенің қасыңда бірге жүреді. Бар ма, жоқ па — бірден аңғара бермейсің. Бірақ ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың. Ол не?
2) Мағынаны тану
Талқылау сұрақтары: «Ауа туралы не білесіңдер?» және «Ол туралы тағы не білгілерің келеді?». Мұғалімнің қорытынды сөзі: ауа айналамыздың бәрінде бар екенін тәжірибе арқылы дәлелдейміз.
1-тәжірибе
Тыныс алу- Аузыңды жап.
- Танауыңды қысып көр.
- Ішіңнен сана. Не байқадың?
Қорытынды сұрақ: тұншыққанда саған не жетіспейді?
2-тәжірибе
ШарШарды үрлеп, кейін желін шығарыңдар.
Сұрақ: үрлегенде және желін шығарғанда шардың пішіні қалай өзгерді?
3-тәжірибе
СерпімділікЕкі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас.
Сұрақ: не байқадың?
Ауа туралы білетінімізді жинақтайық
Автор туралы
Бастауыш сынып мұғалімі: Ильясова Жанар Алымхановна