Сазды шөлдердің өсімдіктерін ата
Сабақ тақырыбы
Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары (8-сынып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес).
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы белсенділігін және қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін әрі дәл жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту (дәстүрлі емес сабақ).
Сабақтың әдістері
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, өздік және топтық жұмыс, кесте толтыру, ізденіс, сұрақ-жауап, тірек сызба, кескін картамен жұмыс.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Қазақстанның физикалық картасы
- Жарты шарлардың физикалық картасы
- Интербелсенді тақта
- Кесте, кескін карта
- Электронды оқулық
Күтілетін нәтижелер
Білім және түсіну
Шөлейт және шөл зоналарының табиғатына салыстырмалы сипаттама бере алады.
Қолдану
Картадан шөлейт пен шөл зоналарының шекарасын көрсете алады, ірі шөлдерді анықтайды.
Коммуникация
Өз ойын анық, жүйелі және дәлелді түрде жеткізе алады.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық: «Жақсы сөз — жарым ырыс». Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтады.
I. Қызығушылықты ояту
-
«Ой қозғау»: «шөл» және «шөлейт» ұғымдары бойынша топтастыру жүргізіледі.
-
Тақырыпты нақтылау және сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау.
-
Интербелсенді тақта арқылы шөл және шөлейт зоналарының өсімдіктері мен жануарлары туралы слайд көрсетіліп, түйінді мәселелер талқыланады.
Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан шөл және шөлейт зоналарының аумағын, ірі шөлдерді көрсетеді.
II. Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты өз бетімен игеру үшін оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топта спикер және таймер сайланады.
1-топ
Шөлейт зонасы
2-топ
Шөл зонасы
3-топ
Шөлдің түрлері
Оқулық мәтіні топтарға бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының «Жигсо» әдісімен талдайды және бір-біріне түсіндіреді.
Әр топ кластер құрастырып, спикер арқылы қорғайды.
Электронды оқулықтан тақырып мазмұны көрсетіліп, оқушылар шөлейт және шөл зонасына қатысты ақпарат негізінде дәптерге кесте толтырады.
Кескін картамен жұмыс: кескін картаға шөлейт және шөл зоналарының шекараларын түсіру.
Білімді тексеру: «Ыстық орындық»
Оқушылар сабаққа байланысты бір сұрақтан жазып, қобдишаға салады. Жеребе бойынша бір оқушы ортадағы орындыққа отырып, қобдишадан алынған сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі оқушы ауыстырады.
Сұрақтар үлгісі
- Шөлейт зонасының географиялық орнының ерекшелігі қандай?
- Шығыс Қазақстан облысы қандай табиғат зоналарында орналасқан?
- Климаттың континентті және құрғақ болуына қандай факторлар әсер етеді?
- Шөлейт және шөл зоналарында топырақтың қандай түрлері кездеседі?
- Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері қанша?
- Шөлдің түрлерін атап, картадан көрсетіңіз.
Тереңдетілген талқылау
- Құмды шөлдер қалай қалыптасқан?
- Құмды шөлдердің табиғи ерекшеліктері қандай?
- Сазды шөлдерге тән өсімдіктерді атаңыз.
- Эфемерлер мен эфемероидтар деген не?
- Шөлде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы не білесіз?
- Шөл зонасының өсімдіктері мен жануарлары қатаң климатқа қалай бейімделген?
- Шөл зонасында қандай қорықтар бар? Картадан көрсетіңіз.
- Шөл табиғатын қорғау үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Ғылыми қағидаларды дамыту мақсатында оқушылар шөл аймағындағы негізгі мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдары жөнінде ой-пікірлері мен ұсыныстарын ұсынады.
Сергіту сәті
«Жаңбыр» тренингі.
III. Ой толғаныс
Оқушылар «Шөлдегі тіршілік» тақырыбында эссе жазып, жазған жұмыстарын сынып алдында оқиды.
IV. Бағалау
Топ басшысы бағалау парағына баға қояды, мұғалім қорытынды бағаны шығарады.
V. Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсері мен көңіл күйін стикерге жазып, тақтаға іледі.
VI. Үй тапсырмасы
- Шөлейт және шөл зоналары тақырыбын оқу.
- «Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары» тақырыбына слайд дайындау.