Анықтамаларды сәйкестендіру
Сабақ тақырыбы
«Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.
Жалпы мақсаты
Өтілген тарауды қайталай отырып, білімді жинақтау және қорытындылау.
- Формулаларды есеп шығаруда тиімді қолдану.
- Физикалық шамалардың айырмашылықтарын ажырату.
- Формулалар мен өлшем бірліктерін есте сақтауды жүйелеу.
Күтілетін нәтижелер
- Топтық жұмыста белсенділік танытады.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды.
- Өзіндік жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын біледі.
- Сұрақ қоя алады және негіздеп жауап береді.
- Есеп шығару дағдылары қалыптасады.
Сабақ құрылымы
Тапсырмалар
- 1 Топқа бөліну: физикалық шамаларды пайдалану арқылы тренинг жүргізіледі.
- 2 Ассоциациялық карта: зерттеу тақырыптары бойынша ойды жеке және топтық жұмыс арқылы жеткізу.
- 3 Топтық жұмыс: формулаларды, анықтамаларды және өлшем бірліктерін сәйкестендіру.
- 4 Жеке жұмыс: тест тапсырмаларын орындау және есептер шығару.
- 5 Ой бөлісу: диалогтік оқыту арқылы әр топ бір-біріне 2 сұрақ қояды (1 жоғары деңгейлі, 1 төмен деңгейлі).
- 6 Рефлексия: сабақ соңында қысқа қорытынды және өзін-өзі бағалау.
Керекті жабдықтар
Кіріспе: ұйымдастыру және бағыттау
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, қатысымды түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
Топқа бөлудің сұрағы
Сақталу қасиетіне ие қандай физикалық шамалар бар?
Осы жауаптарға сүйене отырып, оқушылар топтарға бөлінеді. Бағалау парақтары үлестіріледі, топ жетекшілері белгіленеді және әр тапсырма барысында жауап берген оқушыларды бағалау тапсырмасы беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру
Тарауды қысқаша қайталау және шолу. Оқушылар ассоциациялық картаға негізгі ұғымдар бойынша ойларын түсіреді, зерттеу тақырыптары бойынша пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп, ізденіс жүргізеді.
I топ
Импульс. Импульстің сақталу заңын қорғау.
II топ
Реактивті қозғалыс тақырыбын қорғау.
III топ
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңын қорғау.
Негізгі бөлім: қайталау және қолдану
Бүгінгі сабақта өткен тарауды жүйелі түрде қайталап, әртүрлі тапсырмалар мен есептер арқылы білімімізді жинақтаймыз және бекітеміз.
1-тапсырма: топтық сәйкестендіру
I топ
Формулаларды сәйкестендіру
II топ
Өлшем бірліктерді сәйкестендіру
III топ
Анықтамаларды сәйкестендіру
2-тапсырма: есептер шығару
Әр топқа A, B, C деңгейіндегі есептер беріледі.
A деңгейі
№11.5
Денеге 10 с ішінде тұрақты 50 Н күш әсер етеді. Осы уақыт ішінде дененің жылдамдығы 5 м/с-қа өзгерсе, дененің массасын анықтаңдар.
№11.16
Массасы 50 кг метеорит 40 км/с жылдамдықпен ұшса, оның кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
№11.26
Горизонталь бетте 5 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг дөңгелек сырғанамай домалап келеді. Оның импульсін табыңдар.
B деңгейі
№11.1
Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы қажет?
№11.4
Массасы 1 кг шар түзу сызықты ілгерілемелі қозғалып, жылдамдығын 1 м/с-тан 10 м/с-қа дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар.
№11.18
Кинетикалық энергиясы 10 Дж, ал импульсі 2 кг·м/с болатын дененің массасын анықтаңдар.
C деңгейі
№11.14
Теміржол вагонының буферлік серіппесін 1 см-ге сығу үшін 30 кН күш керек. Оны 5 см-ге сығу үшін қандай жұмыс атқарылады?
№11.25
Горизонталь беттегі денеге 10 м/с жылдамдық берілді. Егер дене мен беттің арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, дене толық тоқтағанға дейін қанша қашықтық жүреді?
№11.36
Серіппені 4 мм-ге созу үшін 20 мДж жұмыс атқару қажет. Оны 4 см-ге созу үшін қанша жұмыс атқару қажет?
Ой бөлісу: диалог арқылы бекіту
Дене импульсі, импульстің сақталу заңы, энергия және энергияның сақталу әрі айналу заңы бойынша алған білімімізді қорытындылап, қаншалықты меңгергенімізді диалог арқылы талқылаймыз. Әр топ басқа топқа 2 сұрақ қояды: 1 төмен деңгейлі және 1 жоғары деңгейлі.
Төмен деңгейлі сұрақтар (үлгілер)
1) Адам энергияны қайдан алады?
Адам энергияны жұмыс жасағанда және қозғалғанда алады.
2) Ғарыш зымыранының ұшуы қандай қозғалысқа негізделген?
Ғарыш зымыранының ұшуы реактивті қозғалыс принципіне негізделген.
3) Тас вертикаль жоғары лақтырылған. Бұл жағдайда энергияның қандай түрлері болады?
Потенциалдық энергия артады, кинетикалық энергия кемиді.
Жоғары деңгейлі сұрақтар (үлгілер)
1) Техника энергиясыз жұмыс істей ала ма?
Жоқ. Себебі бірде-бір техника энергиясыз қозғалысқа келіп, жұмыс істей алмайды. Сондықтан ғалымдар күн, жел, су және атом энергиясын пайдаланудың тиімді жолдарын үнемі іздестіреді.
2) Дененің күш импульсі Ньютонның қай заңы негізінде тұжырымдалған?
Ньютонның II заңы импульс ұғымы тұрғысынан тұжырымдалады.
3) Сағаттың бұралған серіппесінде механикалық энергияның қандай түрлері бар?
Сағат тілшесі төмен бағытталғанда кинетикалық энергия артады; тілше жоғары бағытталғанда кинетикалық энергия кеміп, потенциалдық энергия артады.
Рефлексия
Бүгін мен білдім
Сақталу заңдары бойынша негізгі ұғымдарды жүйелеп, формулаларды қолдану логикасын нақтыладым.
Бүгін мен қолдандым
Импульс пен энергияға қатысты есептерді деңгей бойынша шығарып, өлшем бірліктерін дұрыс түрлендіруді бекіттім.
Келесі қадам
Қиындық тудырған есеп түрлерін бөліп алып, қосымша тапсырмалар арқылы машықтанамын.