Мектебіміздің ұлағатты ұстазы дене шынықтыру мұғалімі
Денсаулық фестивалін өткізу бағдарламасы
Бұл әзірлемеде Денсаулық фестивалін өткізу бағдарламасы, іс-шараның сценариі және жарыстарды өткізу протоколдары ұсынылады.
1) Ашылу салтанаты
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін Қазақстан Республикасы бойынша Денсаулық күні ретінде белгіленген маңызды күн. Бұл — әрқайсымыз өз денсаулығымызға ерекше көңіл бөлетін сәт.
Жалпы мектептік Денсаулық фестивалін ашық деп жариялай отырып, сіздерге зор денсаулық, күш-қуат, жігер және жарыста жеңіс тілейміз.
Рәсімдік бөлім
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
- Спорт символы — алауды әкелу рәсімі: аудандық және облыстық футбол жарыстарында жүлделі орын иеленген, «Ең үздік ойыншы» атағына ие болған 11-сынып оқушысы Ерболатов Алихан алауды алып шығады.
- Алау мектептің жеңіл атлетика бойынша үздік спортшысы, аудандық жарыстың күміс жүлдегері — 8-сынып оқушысы Бижанова Айданаға тапсырылады.
2) Құттықтау сөз
Сөз мектеп директоры Жамалиева Б.Ж.-ға беріледі.
3) Ұстаздың үндеуі және өнер көрсету
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайпбаев Ш.М. фестиваль қатысушыларына арнаған тілегін білдіреді.
Одан кейін «Асар» би тобының әншісі Бижанова Айдана өнер көрсетеді. Қарсы алыңыздар!
4) Қатысушының сөзі және дайындық жаттығулары
Аудандық шахмат жарысында 2-орын алған спортшымыз — 9-сынып оқушысы Нағашыбаев Әділетке сөз беріледі.
Жарыс басталар алдындағы қыздыру
Жарысты бастамас бұрын, денемізді қыздырып алайық: Ырсалды апай және «Асар» тобының қыздары ырғақты жаттығулар көрсетеді. Барлығымыз бірге қайталайық.
Ескерту
Жарыстардың өткізілу тәртібі, қауіпсіздік талаптары және протоколдар ұйымдастырушылар тарапынан қосымша таныстырылады.