Аққулардың өмірі

Ғылыми жоба: Аққу — киелі құс

Бұл жұмыс аққуды киелі құс ретінде танытып, оның түрлері, көбеюі және тыныс-тіршілігі туралы жүйелі мағлұмат беруге арналған.

Практикалық маңыздылығы

Мәліметтерді дүниетану пәнінде және сыныптан тыс іс-шараларда қолдануға болады. Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы артады.

Зерттеудің міндеті

  • Киелі құс — аққу туралы түсінік қалыптастыру
  • Аққудың түрлерін таныстыру
  • Көбеюі мен тіршілік ерекшеліктерін сипаттау

Зерттеу кезеңдері

  • Жоспарлау
  • Аққулар туралы дерек жинау
  • Ақпаратты жалпылау
  • Нәтижені көрсету

Зерттеу әдістері

  • Ауызша сипаттау
  • Салыстыру
  • Талдау
  • Ғаламтордан ақпарат жинау, материалдарды жүйелеу және саралау

Күтілетін нәтиже

Зерттеу қорытындылары “аққу құстың” дүниетанымын тануға көмектеседі: оқушылар аққу туралы толық мағлұмат алып, дүниетану пәніне деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.

Аққудың ғылыми жіктелуі

Дүниесі

Жануарлар

Жамағаты

Хордалылар

Табы

Құстар

Отряды

Қазтәрізділер

Тұқымдасы

Anatidae (Анатидай)

Кіші тұқымдасы

Anserinae (Ансеринай)

Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отрядына жататын, үйрек тұқымдасының жеке туысын құрайтын аса сымбатты құстар.

Қазақстандағы түрлері және негізгі сипаттамалары

Қазақстанда кездесетін түрлері

  • Сұңқылдақ аққу
  • Сыбырлақ аққу (шипун)
  • Кіші аққу

Қазақстанда көбіне сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар мекендейді. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқанда еліміз аумағында кездеседі.

Өлшемі мен тіршілік ету ортасы

  • Салмағы: 5–10 кг, ең ірісі 13 кг-ға дейін.
  • Қанатын жайғандағы ұзындығы: 150–180 см.
  • Уақытының көбін суда өткізеді: жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды.
  • Құрлыққа сирек шығады.

Көбеюі және ұя салуы

Жұптасуы

Аққу жұп құрып тіршілік етеді.

Жұмыртқасы

Ұясына 3–7 жұмыртқа салады; көбіне аналығы басады.

Шығу мерзімі

Шамамен 19–20 күнде балапандар шығады.

Ұясы көбіне су жағалауындағы өсімдіктер арасына салынады. Балапандарға ата-анасы жұптасып қамқорлық жасайды. Аққулар жылына бір рет түлейді.

Қоректенуі

Ересек аққулар негізінен су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Балапандары көбіне су жәндіктерін жейді.

Шипун аққудың ұя басу ерекшелігі

Сыбырлақ аққу (шипун) көбіне көктемде 5–10 жұмыртқа салады. Ұрғашысы оларды шамамен 5 апта басып шығарады. Осы кезеңде ата аққу ұясын, жұбын және балапандарын қорғап жүреді, кейде ұрғашысын алмастырып та отырады.

Түлеу және түсінің өзгеруі

Аққу үш-төрт жасқа дейін толық ақ түске енбей, сұрғылт реңкте болады. Бірнеше рет түлегеннен кейін ғана шын мәніндегі аппақ аққуға айналады.

Аққу — қазақ дүниетанымындағы киелі құс

Қазақ халқы аққуды ежелден қастерлеп, оны бақыттың бастауы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің және сұлулықтың нышаны деп білген. Сондықтан аққуды киелі құс төресі санап, оған ешқашан оқ атпаған.

Халықтық атаулар

Аққудың аталығы
«саһар»
Балапаны
«көгілдір»
Мойны
«сұңғақ»

Өнер мен мәдениеттегі бейнесі

  • С. Сейфуллин — «Аққудың айырылысуы»
  • М. Мақатаев — «Аққулар ұйықтағанда»
  • Қорқыт баба, Қожеке Назарұлы, Тоқа Шаңмаңұлы, Ықылас Дүкенұлы, Н. Тілендиев және т.б. — «Аққу» күйлері
  • Б. Аюханов — «Аққу биі»

Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі де «Аққу жұлдызы» деп аталады.

Сен білесің бе?

Қызықты деректер

Аққулардың зеректігі

Аққулар — өте ақылды құстар. Есте сақтау қабілеті жақсы дамығандықтан, олар өздеріне жасалған жақсылық пен жамандықты ажырата алады.

Бір-бірімен қалай тілдеседі?

Аққулар бір-бірін шақыру және белгі беру үшін көптеген ым-ишараны қолданады. Дауыстары кейде ашық аспан астында күшіктің үргеніндей естілсе, кейде мияулағандай дыбысқа ұқсайды.

Табиғатта немен қоректенеді?

Жабайы табиғатта аққулар жәндіктермен, өте ұсақ балықтармен және бақалардың балаң түрлерімен қоректенуі мүмкін.

Дене құрылысы туралы деректер

  • Аққулардың мойны ұзын: 23 мойын омыртқасы бар.
  • Денесінде шамамен 23 000 қауырсын болады.

Өмір сүру ұзақтығы

Арнайы күтім жасалған жағдайда, хайуанаттар бағында өмір сүретін аққулар 30 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін.

Жоба туралы мәлімет

Орындаған

Тиышбаева Аққу

«Есіл ауданы Петровка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жетекші

Сынып жетекшісі: Жакенова Р. А.