Мамыр айында болатын атаулы мерекелерді ата

Сабақ барысы

Бұл жоспар 4-сынып оқушыларына арналған «Солдат хаты» тақырыбын меңгертуге бағытталған: оқушыны өлең мазмұнына жетелеп, ой қозғау сұрақтары арқылы негізгі идеяны ашуға көмектеседі.

I. Кіріспе бөлім

1) Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық жүргізіледі. Топ ережелері қысқаша еске түсіріледі.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Қалам ұстау әдісі» арқылы үй тапсырмасы сұралады.

3) Үй тапсырмасын бекіту

Тест тапсырмалары арқылы өткен тақырып пысықталады.

II. Үй тапсырмасын бекітуге арналған тест

  1. 1) М. Әлімбаев қай жылы дүниеге келген?

    • а) 1923
    • ә) 1924
    • б) 1925
  2. 2) «Үптеген» сөзінің мағынасы:

    • а) Тесіле қарау
    • ә) Жер кесегі
    • б) Жеп қойған
  3. 3) Ертегінің идеясына сай мақал-мәтел жаз.

    Оқушы өз ойына сәйкес бір мақал-мәтел ұсынады.

  4. 4) «Нәубет» сөзінің мағынасы:

    • а) Жаны ашу
    • ә) Кесір сөз
    • б) Қиыншылық, қырсық
  5. 5) «Жолбарыс пен Түлкі» ертегісі қай халық ертегісінің желісімен жазылған?

    • а) Орыс
    • ә) Қазақ
    • б) Тәжік

III. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың сезімін, ойлауын және тақырыпқа қатысын күшейту үшін жетекші сұрақтар қойылады.

Жетекші сұрақтар

  • Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?
  • Мамыр айында болатын атаулы мерекелерді ата.
  • Аспанымыз ашық, күніміз күлкілі, бейбіт күндер жалғасуы үшін қай мерекеден үміт күтеміз?

«Миға шабуыл» сұрақтары

  • Қазақстанның Ұландар мерекесі туралы не білесің?
  • Елің мен ата-анаң алдындағы борышты өтеу дегенді қалай түсінесің?
  • Әскери борышты өтеу мерзімі қанша уақыт?
  • Алыс сапарға кеткен адамның отбасы мен туған жерін сағынуы қандай сезім тудырады деп ойлайсың?
  • Сағыныш шерін тарқату үшін ол не істер еді?

Мұғалім туралы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қ. Х. Темирбаева

Материал

«Солдат хаты»