Жалаң сөйлем құру
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері және олардың байланысы туралы білімін нығайту; сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу, сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру.
- Сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету; сөйлемнің мәнін терең түсініп, мағынасын аша білуге бағыттау; оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дамыту.
- Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Мақал-мәтелдер
- Венн диаграммасы
- Тірек-сызба
Әдіс-тәсілдер
- Венн диаграммасы
- Топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Тірек-сызба
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, ән-күй, орыс тілі.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.
Сабақтың жоспары тақтаға жазылады. Бүгін осы жоспар бойынша жұмыс істейміз.
2) Жоспар бағыты — мақал-мәтелдермен жұмыс
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл
- Бойы сергектің ойы да сергек
- Еңбек түбі — береке
- Кімнің ойы жүйрік?
- Білгенге маржан, білмегенге арзан
- Венн диаграммасы
- Аймақ құру
3) Өткенді қайталау (тірек-сызба арқылы)
«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей, өткен тақырыптарды тірек-сызба арқылы еске түсіреміз.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлемнің қандай мүшелерін білеміз?
- Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің айырмашылығы қандай?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
4) Жаңа сабақ (жұмбақ, суретпен жұмыс)
Жұмбақ:
Мамықтай ақ,
Қанттай аппақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Жауабы: Қар.
Талқылау сұрақтары
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қар қай кезде болады?
- Қыстың жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
Суретпен жұмыс
«Қыс» тақырыбындағы суретке қарап, шағын әңгіме құрастырамыз.
Мысал сөйлемдер
Қыс келді.
Сөйлем мүшелеріне талдау жасалады.
Балалар шаңғымен сырғанайды.
Сөйлем мүшелеріне талдау жасалады.
Негізгі ұғымдар
- Жалаң сөйлем — тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.
- Жайылма сөйлем — бастауыш пен баяндауышқа қоса тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем.
Сабақтың мақсаты: сөйлем мүшелерін қайталай отырып, жалаң және жайылма сөйлемдерді табуды үйренеміз.
5) Дәптермен жұмыс
- Бүгінгі күннің ретін дәптерге жазу.
- «Қыс» тақырыбы бойынша өз сөйлемдеріңді құрастырып, тақтаға жазу.
- Тақтадағы сөйлемдерді дәптерге көшіру.
- Сөйлемдерге сөйлем мүшелері бойынша талдау жасау.
6) Өздік жұмыс: «Еңбек түбі — береке»
198-жаттығу: жалаң және жайылма сөйлемдерді тауып, ажырату.
Тапсырма орындау барысында оқушылар сөйлем құрылымын дәлелдеп, сұрақ қою арқылы мүшелерін анықтайды.
7) Сергіту сәті
Би: «Қаражорға».
8) Жеке жұмыс: «Кімнің ойы жүйрік?»
Сурет бойынша
Ешкі, мысық, иттің қалай дыбыстайтынын жазу.
Дарынды оқушыға
Кітапхана суреті бойынша әңгіме құрастыру және сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
Қолдауды қажет ететін оқушыға
Аққу суреті бойынша жалаң сөйлем құрастыру және сөйлем мүшелеріне талдау.
9) Мақал-мәтелдермен бекіту: «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Тапсырма:
- «Ұстаздан шәкірт озар.»
- «Күш — білімде.»
- «Талаптыға нұр жауар.»
Жалаң және жайылма сөйлемнен тұратын мақалдарды көшіріп, сөйлем мүшелеріне талдау жасау.
«Білім» тақырыбы бойынша өздерің білетін мақал-мәтелдерді айту.
Қосымша тапсырма (дарынды оқушыға)
Берілген сызба бойынша тиісті сөйлем мүшелерін жазу.
10) Венн диаграммасы арқылы қорытындылау
Жалаң және жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
11) Жұмбақтар арқылы сөйлем түрлерін еске түсіру
Жұмбақ:
Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын.
Жауабы: Сөйлем.
Хабарлы сөйлем
Қоя салсаң бір тары, жаңалықты жеткіземін.
Сұраулы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады, жауап сөз қалап тұрады.
Лепті сөйлем
Ұранды, шаттықты, өкініш, аптықты білдіріп талайдың, шарға ине қадаймын.
Сұрақ
Қандай сөйлем түрлерін білесіңдер?
12) Үй тапсырмасы
Ережені жаттау.
13) Қорытынды, бағалау
«Аймақ құру» тәсілі арқылы сабақ мазмұнын жинақтап, негізгі ұғымдарды бекіту.
Оқушылардың жұмысы бағаланады.