Есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау

Сабақ туралы мәлімет

Қала: Ақтөбе

Мектеп: «Сымбат» жеке мектебі

Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманқосовна

Тақырып: Құлақ — есту мүшесі

Мақсат пен міндеттер

Мақсаты

Есту мүшесінің қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  1. Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтап, қызметін сипаттау.
  2. Есту мүшесіне қатысты гигиеналық ережелерді талдау.
  3. Қоршаған ортаны есту арқылы танып-білудің тізбегін құрастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын элементтері
  • Талдау, жинақтау

Пәнаралық байланыс

  • Дене шынықтыру
  • Ана тілі
  • Салауаттану
  • Музыка

Көрнекіліктер

Суреттер, тірек сөздер, шаблондар, слайдтар, интерактивті тақта және басқа материалдар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сезім мүшелері.
  2. Көзді дұрыс күту ережелері.

III. Жаңа сабақ: «Құлақ — есту мүшесі»

1) Танып-білу

Мұғалім музыка әуенін қосады. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады:

  • Сыныпта қандай жағдай болды?
  • Біз не істедік?

Өлең:

Биле-биле, балақай,

Асыр салып алақай.

Билеп-билеп ән салып,

Ойнайықшы, балақай!

Қызықты дерек: Қыдырәлі мен Қарақат ұлттық нақыштағы қуыршақтар шығаратын «Бай бала» атты жеке фирма ашқан. Қазіргі таңда бұл қуыршақтар сатылымда.

Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

2) Түсіну

Оқулықпен жұмыс: оқушылардан құлақ (есту мүшесі) туралы не білетіндерін сұрау және жаңа тақырыпты оқыту.

3) Білімді жинақтау: құлақтың құрылысы мен қызметі

Құлақ үш бөліктен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

  1. Сыртқы құлақ: құлақ қалқаны дыбысты қабылдайды.
  2. Есту жолдары: дыбыс дабыл жарғағына жеткізіледі.
  3. Дабыл жарғағы: оның тербелісі ортаңғы құлақтағы сүйекшелердің қозғалысын іске қосады.

Тепе-теңдікті сақтауда да құлақтың рөлі маңызды: ішкі құлақтағы арналар бастың қозғалысын сезіп, ағзаның тепе-теңдігін реттеуге көмектеседі.

Жалпы ақпарат алдымен сезім мүшелеріне түседі, кейін жүйкелер арқылы миға жетеді.

Сұрақ: Көпірден өткенде тепе-теңдікті қалай сақтайсыздар?

4) Қолдану: құлақ күтімінің ережелері

  • Құлақты үшкір затпен тазаламаңыз: дабыл жарғағы зақымданса, есту нашарлап, тіпті саңыраулыққа әкелуі мүмкін.
  • Құлаққа қиқым түссе немесе жәндік кірсе, өз бетіңізше шығармай, дәрігерге қаралыңыз.
  • Құлақты суық тиюден және үсіп қалудан сақтаңыз.
  • Өте қатты дыбыс зиян: шу, құлаққа тақап музыка тыңдау есту қабілетін төмендетеді.

5) Ой дамыту: сарамандық жұмыс

Оқушылар құлағын сұқ саусағымен жауып тұрады. Мұғалімнің сөзін тыңдап, қорытынды жасайды:

  1. Мұғалім 1–2 сөйлемді қатты дауыспен айтады.
  2. Мұғалім 1–2 сөйлемді жай дауыспен айтады.

Талқылау сұрақтары:

  • Не сезіндіңдер?
  • Қай кезде дыбыс жақсырақ естілді?

Қорытынды: құлақ жабылғанда дыбыс әлсірейді; дауыс қатты болса да толық естілмеуі мүмкін, ал жай дауысты мүлде естімей қалу ықтимал.

6) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

7) Жинақтау: дәптермен жұмыс

Есіңе сақта:

Дыбысты жақсы есту үшін құлағыңды күте біл!

8) Ойланып жауап беру: суреттермен жұмыс

Суреттерді қарап, әр заттан шығатын дыбысты мидың қалай қабылдайтынын түсіндіріңіздер (дыбыс → құлақ → жүйке → ми).

9) Венн диаграммасы

Екі суретті салыстыру: адам қоршаған құбылысты қай жағдайда құлағы арқылы, қай жағдайда көзі арқылы анықтайды?

IV. Қорытындылау

10) Өзіңді бақыла: тест

Оқушылар дұрыс жауапты шаблондар арқылы көрсетеді.

1. Құлақ қалқаны бастың қай жағында орналасқан?

  • a) Бастың ортаңғы тұсында
  • ә) Бастың екі жақ жанында

2. Мылқау болып туған бала сөз үйрене ала ма?

  • a) Үйрене алады
  • ә) Үйрене алмайды

3. Құлақтың дабыл жарғағы қандай болады?

  • a) Жұқа
  • ә) Қалың

4. Құлақ неше бөліктен тұрады?

  • a) 2
  • ә) 3

V. Үй тапсырмасы

  1. Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
  2. Құлақты күту ережелерін жаттау.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының толықтығы бойынша бағаланады.