Мәтіндік және дыбыстық файлдардың көлемін салыстырыңдар

Сабақтың тақырыбы: §3 Мәтіндік ақпаратты кодтау

Бұл сабақта мәтіндік ақпаратты кодтау ұғымы, кодтық кестелердің рөлі және стандарттардың айырмашылығы қарастырылады.

Негізгі ұғым

Символға нақты код тағайындау және оны кодтық кестеде бекіту.

Стандарттар

Мәтінді байттар арқылы кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді; негізі — ASCII.

Unicode

Unicode кестесінде бір символды кодтау үшін жиі 2 байт қолданылады.

Мақсаты

Барлық оқушылар

  • Мәтіндік ақпаратты кодтауды үйренеді.
  • Нақты бір символға код тағайындаудың маңызын түсінеді.
  • Кодтың кодтық кестеде бекітілетінін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Мәтінді байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенетінін түсінеді.
  • Барлық стандарттарға негіз болған ASCII стандартымен жұмыс жасай алады.
  • Unicode кестесінде бір символды кодтауда 2 байт қолданылатынын біледі.

Кейбір оқушылар

  • Әртүрлі кодтық кестелер арқылы символдарды кодтай алады.
  • Орыс, ағылшын және қазақ тіліндегі мәтіндердің әртүрлі кодталуын салыстырады.

Күтілетін нәтиже

  • Кодтау кестелерін пайдаланып мәтінді кодтауды меңгереді.
  • Мәтіндік ақпаратты екілік код түрінде көрсете алады.
Ой толғаныс Компьютердегі тәжірибелік жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

Тәжірибелік жұмыс

Төмендегі тапсырмалар мәтіннің ақпараттық көлемін анықтауға, мәтінді файлға сақтауға және файл көлемін салыстыруға бағытталған.

А деңгейі

Негіз

1-тапсырма

Төменде берілген хабарламадағы ақпараттың көлемін символмен және байтпен анықтаңдар:

Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді, бірақ барлығына алғашқы негіз болған ASCII стандарты. ASCII жүйесінде кодтаудың екі кестесі бекітілген — негізгі және кеңейтілген. Монитор экранындағы графикалық ақпарат кескін түрінде беріледі; ол белгілі бір қатарлар санынан қалыптасады. Ал ол өз кезегінде белгілі бір нүктелерден (пиксельдерден) тұрады.

2-тапсырма

  1. Блокнот бағдарламасын ашыңдар (Іске қосу → Программалар → Блокнот).
  2. Осы тәжірибелік жұмыстың 1-тапсырмасындағы мәтінді енгізіңдер.
  3. Жақша ішіндегі мәтінді Жұмыс үстеліне сақтаңдар (Файл → Сақтау → Жұмыс үстелі бумасын таңдаңдар → файл атауын теріңдер → Сақтау). Содан кейін Блокнотты жабыңдар.
  4. Файлдың ақпараттық көлемін компьютер арқылы анықтаңдар (файлды белгілеңдер → контекстік мәзір → Қасиеттер / «Свойства»).

В деңгейі

Кеңейту

1-тапсырма

А деңгейінің 1 және 2-тапсырмасын орындаңдар.

2-тапсырма

  1. 1-тапсырмадағы мәтінді дыбыстық файл ретінде жазыңдар: Дыбыс.wav (Іске қосу → Программалар → Стандартты → Дыбыс жазба → «Жазба» батырмасын басыңдар және мәтінді микрофонға дауыстап оқыңдар).
  2. Файлды Жұмыс үстеліне сақтаңдар (Файл → Сақтау → Жұмыс үстелі бумасын таңдаңдар → файл атауын енгізіңдер → Сақтау).
  3. Файлдың ақпараттық көлемін анықтаңдар.
  4. Мәтіндік және дыбыстық файлдардың көлемін салыстырыңдар.