Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы

Қостанай қаласы • №5 орта мектеп

Тарих пәні мұғалімі: Кокеева Амангүл Сабыржанқызы

Пәні: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы • Сыныбы: 7

Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемі

Мақсаты

Оқушыларды Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтарымен және сілемдерімен таныстыру; Оңтүстік Қазақстанның Батысқа шығатын, ал Жетісудың Шығысқа шығатын басты қақпа ретіндегі маңызын түсіндіру.

Жібек жолының Қазақстан аумағындағы қалалардың дамуындағы рөлі, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Оқиғаларға қатысты тарихи танымды қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Барлық салада Отанның ілгері дамуына үлес қосуға ұмтылдыру, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі

Интерактивті, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Слайд-суреттер, интерактивті тақта (флипчарт сабақ)

Пәнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы

Нәтиже

Тармақтарды карта/сызба арқылы түсіндіру, дәлелдеу, қорытындылау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа ынтасын қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылар «Ұлы Жібек жолы» тақырыбын толық әңгімелеп береді және негізгі деректерді нақтылайды:

Қытай жазба деректері

Б.з.б. II–I ғғ.: Үйсін мемлекеті Қытаймен байланыс орнатты.

Алғашқы керуендер

Б.з.б. I ғ. ортасы: Қытайдан Батыс елдеріне жібек артқан керуендер шықты.

Дипломатиялық байланыстар

Б.з.б. II ғ. ортасы: халықаралық дипломатиялық қатынастар күшейді.

Император У-ди

Б.з.б. 138 ж.: Батысқа елшілік жіберіп, 13 жылдан соң оралды.

VI ғасырдан бастап

Ұлы Жібек жолы Еуразияға, соның ішінде Түрік қағанатына кеңінен белгілі болды; Иран шахына Қытай императорынан жібектен тігілген киімдер жіберілгені айтылады.

III. Жаңа сабақ

Сабақ төмендегі жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. 1) Жетісу

    Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.

  2. 2) Оңтүстік Қазақстан

    Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.

  3. 3) Қазақстан аумағындағы Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы

    Қалалардың өсуі, сауда, мәдени алмасу және халықаралық қатынастардағы орны.

Топтық жұмыс форматы

1-топ: «Ұлы»

Жетісу — Шығысқа шығатын басты қақпа.

2-топ: «Жібек»

Оңтүстік Қазақстан — Батысқа шығатын басты қақпалардың бірі.

3-топ: «Жолаушылар»

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Әр топ өз тақырыбын оқып-талдау үшін 5 минут алады. Уақыт аяқталғаннан кейін топтарға парақша таратылады: оқушылар оқыған материал негізінде Ұлы Жібек жолының тармақтарын сызба/схема түрінде көрсетеді.

Соңында әр топ өз жұмысын қорғап шығады.

Ойын: «Тарихи домино»

Қай топ берілген сөздерден бірінші болып дұрыс сөйлем құрастырады — сол топ бағаланады.

Дұрыс жауап үлгісі

Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана үлес қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым-қатынастың дамуына да үлкен ықпал етті.

Ойын: «Көш керуен»

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  1. Жібек жолы қайдан басталады?
  2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
  3. Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
  4. Жібек жолының Жапониядағы сілемі қандай?
  5. Жібек жолы арқылы таралған діндер қандай?
  6. Жібек жолының арқасында көп елге тараған, әлі күнге базарларда сатылатын өнім?
  7. Б.з.б. II ғ.: Қытайдан Батысқа аттанып, 13 жыл жол жүрген император кім?
  8. Қытайдың әсем фарфор ыдыстары Қазақстанның қай қалаларынан көп табылған?
  9. Византия шеберлерінің күміс құмыралары Қазақстанның қай қаласынан табылған?
  10. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?

Картамен жұмыс: Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы

Жібек жолының географиясы Еуропадан басталып, Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және Вьетнам арқылы өтіп, ақыры Қытайға келіп жетеді.

Ескерту: картада құрлық жолдары қызыл, ал теңіз жолдары көк түспен көрсетіледі. I ғасырдағы бағыт Қытайдан Жерорта теңізіне дейін созылған.

Бекіту: «Иә» немесе «Жоқ»

Оқушылар төмендегі тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді:

1) Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан.
Жоқ
2) «Ұлы» сөзінің қосылуы — Шығыс пен Батысты байланыстыратын жол болғандықтан.
Иә
3) Жібек матасы Қытайда 1350 ж. өндіріле бастады.
Жоқ
4) Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б.з.б. V–II ғасырлар аралығы.
Иә
5) VII ғ. жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды.
Жоқ
6) Жетісу жері — Батысқа шығатын қақпа.
Жоқ
7) Жетісу арқылы француз елшісі-саяхатшы Рубрук Моңғолияға, Мөңке ханға барып қайтты.
Иә
8) Оңтүстік Қазақстан — Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы.
Иә
9) Тараз қаласы — саудагерлер бас қосатын қала.
Жоқ
10) Батыс елдеріне алғаш керуендер б.з.б. II ғ. ортасында жолға шықты.
Иә

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Топтық жұмыс, ойын тапсырмалары және сұрақтарға жауап беру нәтижелері бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

  • 16-параграфты оқу.
  • Тестке дайындалу.
  • Реферат жазу.