Бала тілі - бал

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы. Бастауыш сынып мұғалімі: Тастайбекова Гүлназ.

«Қош, бастауыш!» іс-шарасының мазмұны

Мақсаты

  • 4-сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу мерекесінің маңызын түсіндіру.
  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын байқау.
  • Жас бүлдіршіндерді мәдениеттілікке, бірлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

сұрақ қою бекіту мадақтау

Іс-шара құрылымы: 1) Ұйымдастыру · 2) Негізгі бөлім.

Күтілетін әсер

Оқушылар үшін бастауыш кезеңін қадірлеу, ұстаз бен ата-анаға алғыс айту, әрі қарайғы оқу жолына сеніммен қадам басу мәдениеті қалыптасады.

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгін 4-сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігін өткізгелі отырмыз.

Оқушылар, осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа келген едіңдер. Енді, міне, бастауышты аяқтағалы тұрсыңдар.

Бүгін сендер балғын балалық шақтың бір белесімен қоштасып, жаңа кезеңге қадам басасыңдар.

Оқушылардың өлең-жырлары

1-оқушы

Әуеге асқақтаған өлеңіміз, Бақытты байтақ елдің бөбегіміз. Жорыққа тауларына жиі шықсақ, Сол таудай асқақ болсақ дегеніміз. Жарысып ойнап желменен, Биікке талмай өрлеген, Бағыттан тайып көрмеген — Қашаннан қайсар ұланбыз. Көңілін қиял көтерген, Өмірін шаттық тербеген, Ертеңге қанат сермеген — Қашаннан қайсар ұланбыз.

2-оқушы

Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз, Сол елге лайық болу — ұранымыз. Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын, Сарқылмас сан дауысты бұлағымыз. Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз, Әзірге маңдайдағы құндызымыз. Арасын жер мен көктің жалғайтұғын, Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.

3-оқушы

Балалар, бұл — жол басы даналық, Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?! Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

4-оқушы

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме, Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме. Жолама, шақырса да қасына ерме! Кідірмеші аялдама, алға ұмтыл, Алам деп көктен жұлдыз қолың серме! Қармаған қарап қалмас! — деген рас, Тоқтамай бел шешсең, батып терге. Жасынан оқу оқып, өнер қуған — Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге…

5-оқушы

Оқу-білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал — Пайда аларсың, талпынсаң, тоймасаң.

6-оқушы

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз.

7-оқушы

Еңбек етсем, ертеңгі Бақытыма сенемін! Мақсатыма жеткізер Уақытыма сенемін! Достық іспен қасты да Жеңеріме сенемін! Ақыл, сана, біліммен Өнеріме сенемін! Арым таза, ақ көңіл — Адалдыққа сенемін! Абыройлы ақ ниет — Адамдыққа сенемін!

Хор

Ән: «Мұғалім — ол біздің …»

Білімді бекіту: сұрақ-жауап бөлімдері

Ана тілі

  1. Төле бидің шешендігі

    Атақты билер Арқаға жиналады. Айтылған мезгілден Төле би кешігіп келеді. Шамданған билер: «Төле би келсе, орнымыздан тұрмайық», — деп уәделеседі. Бірақ Төле би келгенде көпшілігі орындарынан тұрып кетеді. Тек екі-үш би ғана тұрмай қалады. Төле би кешіккені үшін кешірім сұрайды. Сол билердің бірі сөзден ұту үшін сынай сұрақ қояды:

    • Бақ дегеніміз не?
    • Байлық дегеніміз не?
    • Бала дегеніміз не?

    Сұрақ: Төле би орнына отырмай, түрегеп тұрып не деп жауап береді?

  2. Әйтеке бидің шешендік сөздерінен кім айтып береді?

  3. Қазақ халқы елін, жерін сыртқы жаулардан қорғап, аман сақтап қалған адал ұлдарын ерекше құрметтеген. Мұндай батырлардың ерлігі мен қайратын жырға қосып, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен.

  4. Батырлар жырынан үзінді оқимыз.

  5. Монолог және диалог дегеніміз не?

  6. Мақал-мәтелдер

    Тақырыптар: бала, бөле, ата-ана, жеңге, сіңлі, аға.

Математика

  1. Натурал сандар деп қандай сандарды атайды?
  2. Қосу, азайту, көбейту, бөлу — қандай амалдар?
  3. Қандай шамалармен таныстық?
  4. Өрнектің неше түрін білесіңдер?
  5. Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  6. Ауданын қалай табамыз?

Қазақ тілі

Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні келтеде. Бір зат есім деген бай өмір сүріпті. Зат есімнің жеті ұлы болыпты. Әр ұлының өз бала-шағасы, туған-туыстары болған екен.

Сұрақ: Зат есімнің бірінші баласының аты қалай аталады?

Сахналық нөмірлер мен шығармашылық бөлім

  1. 1. Ұлдардың орындауында: «Ел қорғауға әзірміз».
  2. 2. Сыныптағы әзілкеш балалардың өнері: әзіл көрініс «Парта».
  3. 3. Баубек Бұлқышевтің «Ана» шығармасынан үзінді оқу.
  4. 4. Ән: «Анашым».
  5. 5. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
  6. 6. Табиғат аясындағы көрініс: «Ара мен шыбын».
  7. 7. Би бөлімі: мың бұралған қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
  8. 8. «Бала тілі — бал»: ата-аналардан балалардың кішкентай кездегі тәтті қылықтарын айту.

Ата-аналармен жұмыс

Тапсырмалар

  • Гаухар: әзіл айту.
  • Сара апай: өлең оқу.
  • «Мен құрбымды жақсы көремін»: қызыңыздың құрбысын атау.

Қосымша нөмірлер

  • Әзіл көрініс: «Қожанасыр мен кемпірі».
  • Өлең: «Рахмет саған, мұғалім».
  • Көрініс/ән: «Ел ертеңі — біздерміз» (10 жылдан соң — мамандық иесіміз).
  • Қорытынды ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Қорытынды

Құттықтау сөздер айтылады, оқушыларға сыйлықтар табысталады. Іс-шара аяқталады.