Метил және этил спирттері
Сабақ тақырыбы
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Мақсаты
Спирттердің номенклатурасын, физикалық және химиялық қасиеттерін, алынуын және қолданылуын меңгерту.
Уақыты
Кезеңдер бойынша 2–5 минут аралығы
Оқу нәтижелері
Сабақ соңында оқушылар төмендегі дағдыларды меңгереді:
-
1
Спирттердің формулаларын жаза алады және оларды басқа заттардан ажыратады.
-
2
Спирттерді жіктейді.
-
3
Спирттердің қандай заттардан алынатынын біледі және реакция теңдеулерін жаза алады.
-
4
Спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды.
-
5
Этил спиртінің пайдасы мен зиянын түсіндіреді.
Белсенді оқыту әдістері
Жұптық жұмыс
Мәтінді оқу, талдау және бір-біріне түсіндіру арқылы өзара оқыту.
Ой қозғау
Интерактивті тақта арқылы тақырыптың мағынасын ашуға бағытталған сұрақтар.
Джигсо
Әртүрлі мәтін бөліктерін оқып, кейін біріктіріп түсіндіру.
«Кір жаю» әдісі
Идеяларды көрнекі түрде орналастыру, салыстыру және талқылау.
Формативті бағалау
Бірін-бірі бағалау және топтық бағалау арқылы кері байланыс беру.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру
2–3 минут- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Көңіл күйді «бағдаршам» әдісімен анықтау.
- Қажет болған жағдайда қысқа сергіту сәтін өткізу.
2) Кіріспе
2 минутИнтерактивті тақта арқылы ой қозғау сұрақтарын ұсынып, жаңа тақырыптың мағынасын ашуға бағыттайды.
3) Жаңа тақырып
5 минутМәтінмен жұмысқа тапсырма береді: №1 жұп — бірінші мәтінді, №2 жұп — екінші мәтінді оқиды.
4) Мәтінмен жұмыс (білу)
3 минутМұғалім оқушылардың жұмысын сырттай бақылап, бағыт-бағдар береді.
5) Жұпта талдау
3 минутОқушылар мәтіндегі негізгі ойларды талдап, қысқа қорытынды жасайды.
6) Түсіну (өзара түсіндіру)
5 минутОқушылар бастапқы орындарына оралып, екі мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіреді (джигсо элементі).
7) Қолдану (тапсырмалар)
5 минутТапсырма №1 (практика)
- Метанол және этанол молекулаларының моделін жасаңыз.
- Постерге екі спирттің моделін және құрылымдық формуласын салыңыз.
- Метанол мен этанол молекулаларында қай сутегінің табиғаты ерекше деп ойлайсыз? Неліктен? Оның химиялық қасиетін болжауға бола ма?
Тапсырма №2 (практика)
- Өлшеуіш цилиндр көмегімен ыдысқа 1 мл этил спиртін құйыңыз.
- Абайлап сіріңкені жақындатып, бақылау жасаңыз: не байқадыңыз?
- Қауіпсіздік техникасын атаңыз: жалынды үрлеп сөндіруге бола ма?
- Қандай реакция жүрді? Реакция теңдеуін жазып, теңестіріңіз.
- Бұл реакция туралы қысқаша қорытынды жасаңыз.
Тапсырма №3 (есеп)
- Гидраттану реакциясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.
- Қ.ж. бойынша 11,2 л этилен газын гидраттағанда түзілетін спирттің массасын есептеңіз.
Тапсырма №4 (қорытындылау)
- Метил және этил спирттерін салыстырыңыз.
- Этил спиртінің пайдасы мен зияны туралы түсінік картасын жасаңыз.