Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтап бекіту
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
Ойлайық та ойнайық
Саласы
Таным
Бөлімі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру
Көрнекіліктер
Электронды бейнелер, суреттер, геометриялық пішіндер
Мақсаты
- Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтап, бекіту.
- Сабаққа деген белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту.
- Логикалық ойлауын қалыптастыру.
- Бір-бірін сыйлауға және өзара көмек көрсетуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері
Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Балалардың назарын өзіне аударады:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін бізде ерекше күн: қонақ апайлар келіпті. Амандасайық.
«Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жыл мезгілі туралы сұрақ-жауап
Тәрбиеші жыл мезгілі мен айды сұрайды, қыс мезгіліне қатысты тақпақ айтқызады:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Кейіпкердің келуі: Сайқымазақ
Есік қағылып, қолында әсем дорбасы бар сайқымазақ кіріп, балалармен амандасады.
Сайқымазақ:
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Өздерің қандай көңілдісіңдер! Мені де орталарыңа қосасыңдар ма?
Тәрбиеші:
— Қош келдің, сайқымазақ! Кел, отыр. Бүгін балалардың сайысын көріп, бағала.
Ереже:
Сайқымазақ әр дұрыс жауапқа жұлдызша береді.
Тәрбиеші қонақтардың қатысып отырғанын айтып, балаларды білімдерін көрсетуге ынталандырады.
Топтарға бөліну және кезеңдер
1-топ
Үшбұрыш
2-топ
Төртбұрыш
Сайыс кезеңдері
- 1 Кім жылдам? — логикалық сұрақтарға жедел жауап беру.
- 2 Бәйге — экрандағы ұяшықтардан сұрақ таңдау.
- 3 Жорға — пішіндерді ажырату.
- 4 Қиындыны құрастыр — пішіндерден үй құрастыру.
1-кезең: «Кім жылдам?»
Әр топқа 5 логикалық сұрақтан беріледі. Мақсат — жылдам әрі дұрыс жауап беру.
Үшбұрыш тобының сұрақтары
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Қолғапта неше саусақ бар?
- Адамның неше көзі бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
Төртбұрыш тобының сұрақтары
- Аспанда неше күн бар?
- Сиырдың мүйізі нешеу?
- Шардың пішіні қандай?
- Мысықтың аяғы нешеу?
- Адамда неше аяқ бар?
2-кезең: «Бәйге»
Экранда ұяшықтар беріледі. Әр ұяшықта сұрақ жасырылған. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады.
Сергіту сәті: санамақ
1, 2, 3 — ал, кәнекей, ұш.
4, 5, 6, 7 — мынау ауыл шеті.
8, 9, 10 — ал, кәнекей, қон.
3-кезең: «Жорға»
Бұл кезеңде балалар геометриялық пішіндерді ажыратып, атауларын дұрыс атайды.
4-кезең: «Қиындыны құрастыр»
Екі топтың топ басшысы тақтаға шығып, берілген пішіндерден үй құрастырады. Тапсырма аяқталған соң, пішіндер туралы жатталған тақпақтар қайталанады.
Пішіндер туралы тақпақтар
Квадрат қой мынауың,
Оңай екен сұрауың.
Сәл қиындау келтіру —
Домбыраның бұрауын.
Мынау емес төртбұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұрыш.
Бұның аты — дөңгелек,
Дөңгелекті дөңгелет.
Үшбұрышты білеміз,
Табанында жүреміз.
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ, күлеміз.
Қорытынды ой
Төрт қабырға тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай —
Ой-өрісі кең болса.
Төртбұрышқа үшбұрыш
Үй төбесін жабамыз.
Ақыл, қайрат, күш-қуат —
Еңбекпенен табамыз.
Тәрбиеші балаларды мадақтап, сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтады да, қорытынды сөзді сайқымазаққа береді.
Қорытынды
Сайқымазақ: — Рахмет, балалар! Сендер өте білімді екенсіңдер.
— Енді жұлдызшаларды санайық: қай топта жұлдызша көп?
Жеңімпаз топ жарияланып, мадақталады. Сайқымазақ алып келген тәттілерін балалармен бөліседі.
— Рахмет, сайқымазақ! Сау бол!