Дамытушылық
Сабақтың тақырыбы
3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың 3 санының құрамы туралы білімін қалыптастыру; сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету; 3 санының құрамы туралы есептеулерде қолдану білігін тиянақтау.
Дамытушылық
Оқушылардың математикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекті құралдар
- Суреттер
- Сандар тізбегі
- Электронды оқулық
- Венн диаграммасы
Әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Қоңырау үні дамылда, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз.
II. Өткенді еске түсіру
Ой шақыру: бәріміз 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап шығайық.
Сан санайық, мүдірмей, Бар ма, кәне, талапкер? Ал, Арлан, кідірмей, Беске дейін санап бер.
О, Арлан, жарадың, Бестік санды өте тез, Әрі дұрыс санадың.
Енді, Шыңғыс, шырағым, Санай қойшы мұны әрі:
Оннан қайта кері санап, Бірге дейін жет дейміз. Ойланайық бір мезет, Абайлайық, қарайық: Санды енді тізбелеп Кері қарай санайық.
Одан кейін өткен сабақты бекіту үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.
Тапсырма
+2
Тапсырма
−3
Тапсырма
+1
III. Жаңа сабақ
Ертеден бері Жер бетін мекендеген көптеген халықтар 3 санында ерекше күш бар деп сенген. Оны киелі санап, қастерлеген ұлттар көп. Солардың бірі — қазақ халқы.
Біздің ата-бабаларымыз үш санын қадірлеп, салт-дәстүрі мен танымына арқау еткен. Мысалдар:
- Үш жүз
- Үш жамандық
- Үш жақын
- Үш мұрат
- Үш тоқтам
- Үш тәтті
- Үш жұрт
- Үш қуат
- Үш ғайып
- Үш арсыз
Әлем халықтарының үш санына қатысты түсінігіне де қысқаша тоқталайық: үш — ең ерекше сандардың бірі.
IV. Кіріспе әңгіме
Ендеше, бүгінгі сабағымызда 3 санын қосу және азайту тәсілдерін үйренеміз. Мақсатымыз — 3-ті қосу мен азайтудың ең тиімді жолдарымен танысу және оларды есептеуде қолдану.
Қосу мысалдары
Азайту мысалдары
Бұл мысалдар 3-ті қосу мен азайтуды әртүрлі қадамдар арқылы орындауға болатынын көрсетеді. Ең бастысы — ыңғайлы тәсілді таңдап, есептеуді дәл орындау.