Хатты оқу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Х, х дыбысы мен әрпі

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Бейнетаспа
  • Оқулық
  • Суреттер
  • Кеспе әріптер
  • Үлестірме қағаздар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Х, х дыбысы мен әрпін таныстыру.
  • Х әрпі бар сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға үйрету.
  • Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту.
  • Сауатты, әдемі, көркем жазу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін және тіл байлығын дамыту.
  • Тапқырлық пен ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.
  • Кітапханашы мамандығы иелерінің еңбегін бағалай білуге баулу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптағы жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Өткенді пысықтау

«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.

Үлестірмелі қағаздағы әріптерден сөз құрастыру арқылы алдыңғы білімді бекіту.

III. Қызығушылықты ояту

Есік қағылып, сыныпқа хат келеді. Оқушылар хатты оқып, сабақтың жаңа тақырыбына бағыт алады.

IV. Мағынаны тану

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтін жолы жоқ.

Жауабы: хат

Бүгін біз Х дыбысымен және Х әрпімен танысамыз. Дыбыстап көрейік: Х.

Хдауыссыз дыбыс.

Себебі дыбысты айтқанда ауа кедергіге ұшырайды.

  • Х әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
  • Суреттер арқылы х дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтау.
  • Талдау сұрақтары: Х қай буында тұр? Сөздің басында ма, ортасында ма, әлде соңында ма?

Қорытынды байқау

Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде соңында кездеседі.

Мысалдар: хат, шахмат, шах.

Оқулықпен жұмыс

  • Бағандағы сөздерді тізбектеп оқу.
  • Оқыған сөздерді түртіп алу.
  • Осы сөздердің ішінде түсініксіз сөздерді анықтау.

Сөздік жұмысы

Хат — хабар жіберу үшін жазылған немесе жөнелтілген жазбаша мәтін.

Хор — музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.

Хан — ел билеуші.

Саяхат — алыс жерге, ел аралауға шыққан сапар.

Дәріхана — дәрі-дәрмек дайындайтын және сататын орын.

Хабар — жаңалық.

Халат — үй ішінде күнделікті киетін жеңіл киім.

Хадис — діни кітаптарда айтылған қасиетті сөздер мен өсиеттер.

Шахмат — ойын түрі.

Хаттама — жиналыстың, мәжілістің барысы туралы жазылған қысқаша мазмұндама.

Ұстахана — темірден әртүрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.

Шеберхана — әртүрлі материалдардан бұйымдар жасалатын орын.

Қосымша материалдар

  • «Х дыбысы мен әрпі» тақырыбы бойынша материалды жүктеу.
  • «Х дыбысы мен әрпі» тақырыбы бойынша слайдты жүктеу.