Туған жер тарихын білу

Факультативтік курс бағдарламасы География • 8-сынып Жаратылыстану-математика бағыты

Мекеме және автор

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар елді мекені, №81 орта мектеп. География пәнінің мұғалімі — Акбергенова Салтанат Асылбаевна.

Курстың тақырыбы: «Сыр елінің сыры».

«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, туған жеріңнен артық жер де жоқ».

— Ғабит Мүсірепов

Түсінік хат

Сыр өңірі — халқымыздың ықылым заманнан береке мен құт дарыған қасиетті атақонысы. Бұл аймақ ел басына қиын-қыстау күн туғанда әр тараптан қоныс аударған жұртқа пана болған. Шалқып жатқан дарияның жағасын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді.

Сыр бойы — тұнған тарих. Сондықтан облысымыздың өткені мен бүгінгі болмысына тоқталып, тарихи сабақтастықты таныту маңызды. Тарихы мол Сыр өңірінің даңқын кейінгі ұрпақ білуі тиіс.

Бұл авторлық бағдарлама орта мектептің 8-сынып оқушыларына арналған. Курстың мазмұны оқушыларды Сыр елінің тарихи деректерімен таныстыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін күшейтуге, өлкенің табиғатын, шаруашылығын және экологиялық ахуалын бағалай білуге бағытталған. Сонымен қатар әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтап, оны дамытуға қолайлы жағдай жасау көзделеді.

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларға өз елі мен өз облысының аса маңызды кезеңдері туралы тереңірек білім алуға жағдай жасау.
  2. 2 Өсіп келе жатқан ақпарат ағынын өз бетінше игеруге ықпал ететін әмбебап әдістер мен жүйені қалыптастыру.
  3. 3 Шығармашылық қабілетін дамыту, мәселелерді оңтайлы шешуге бағыттау және оқушының жеке күш-жігерін жұмылдыру.
  4. 4 «Нені оқу керек?» түсінігінен «қалай оқу керек?» дағдысына бағдарлап оқыту.
  5. 5 Сабақ барысында оқушы еңбегінің нәтижелі болуы үшін интерактивті әдістерді қолдану.
  6. 6 Дерекпен жұмыс істеудің тиімді жолдарын ұсыну.
  7. 7 Ойлау мен танымдық қабілетті дамытуға, материалдың тәрбиелік мүмкіндігін тиімді пайдалануға көмектесу.

Міндеттері

  • Өзін-өзі дамытатын, жылдам өзгеретін кезеңде дұрыс шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алып жетілетін тұлға қалыптастыру.
  • Әр баланы жеке ерекшелігіне, қызығушылығы мен қабілетіне қарай бейімдеп оқыту.
  • Ақыл-ойы ұшталған, «Мен» жүйесі қалыптасқан, өзін-өзі басқарып, бағалай алатын және қоршаған ортаға қамқор көзқарас танытатын тұлға қалыптастыру.
  • Шәкірт санасында өзіндік көзқарас пен пікір қалыптастыру.
  • Оқушыларды ізденіске және зерттеуге жетелеу.

Өзектілігі

Неліктен бұл курс қажет?

  • Өз елінің тарихын білу және тану — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
  • «Туған жер» тақырыбындағы ізденіс жұмысын қорғау сияқты дәстүрлі байқауларға дайындалу үшін өлке тарихын терең тану және ғылыми-зерттеу жұмыстарына машықтану қажеттілігі туындап отыр.
  • Дарынды оқушылармен жұмыстың маңызды факторларының бірі — оқушының ізденушілік қырын ашу.

Күтілетін нәтижелер

Білім және талдау

  • Туған жер тарихын білу.
  • Тарихи өрнектерді талдай алу.
  • Мазмұндық және тақырыптық идеяны тану, Сыр өңірінің ерекшелігі мен экологиялық мәселелерін ұғыну.

Жазылым және жоба

  • Ғылыми мәнжазба, шығармашылық зерттеу және жоба жұмыстарын жазу.
  • «Туған жер тарихы» және «Туған жер экологиясы» байқауларына оқушы дайындау.

Кәсіпке бағдарлау

Курс мазмұны оқушыларды төмендегі бағыттар мен мамандықтарға бейімдеуге көмектеседі:

Археолог Тарихшы Әдебиетші Туризм маманы Географ Экономист Мұғалім Агроном Мұраб

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Тұлғалар, шығармалар және тіл мәдениеті.

Музыка

Өлке өнері, әншілік дәстүр.

Тарих

Ескерткіштер, дереккөздер, кезеңдер.

География

Табиғат, шаруашылық, экология.

Курсты ұйымдастыру

Өткізу формалары

  • Лекция
  • Ұжымдық жұмыс
  • Семинар
  • Топтық жұмыс
  • Конференция
  • Жұптық жұмыс
  • Сарамандық жұмыстар
  • Жеке жұмыс

Бағалау жүйесі

  • Балдық жүйе
  • Тест тапсырмалары
  • Сынақ жұмыстары

Жұмыс түрлері

Рефераттар: «Сыр саңлақтары», «Қылқалам шеберлері», «Күміс көмей әншілер».

Буклеттер: «Кесенелер», «Мұражайлар».

Шығарма: «Ы. Жақаев және Жақаевшылар».

Курс барысында орындалатын жұмыстар

  • Шығарма, мәнжазба және жоба жазу.
  • Тест құрастыру және қорытындылау жұмыстары.

Тақырыптық жоспардың мазмұны

1-бөлім: «Жер атауларына үңілсек»

6 сағат

Оқушылар өз облысымыздың аудандарымен толық танысып, кең көлемде ақпарат алады. Бұл бөлім негізінен теориялық сипатта өтеді: қатысты деректер мен мәліметтер жүйеленіп ұсынылады.

2-бөлім: «Сыр елі — тұнған шежіре»

7 сағат

Тарихи ескерткіштердің ерекшелігін тануға арналған. Сабақ барысында теория мен практика қатар жүреді: дерекпен жұмыс, талдау, бақылау және қорытынды жасау.

3-бөлім: «Сырдың даңқын асқақтатқандар»

7 сағат

Еңбек ардагерлерінің, ақын-жазушылардың еңбектерін, өмір жолын және өлке мәдениетіне қосқан үлесін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

4-бөлім: «Табиғат кереметтері»

7 сағат

Өлкенің өзендері мен көлдері, құмды алқаптары, түбектері, шығанақтары, таулары мен қыраттары туралы зерттеу жүргізіледі.

5-бөлім: «Қоршаған ортаны аялай білейік»

5 сағат

Экология мәселелері талқыланады: табиғатты қорғау мәдениеті, жауапкершілік және өңірлік экологиялық ахуал.

6-бөлім: «Білгенге маржан»

2 сағат

Курс барысында алынған білімді саралау, талдау және бекітуге бағытталған. Оқушылар тест арқылы білімін нығайтып, шығармашылық тұрғыдан ой түйіндейді.

Ескертпе

Толық нұсқасын жүктеу және слайдын жүктеу материалдары курс құжаттамасымен бірге ұсынылады.