Лиро - эпостық жырлардың түрлерін топтастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән
- Қазақ әдебиеті (7-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Лиро-эпостық жырлар
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, баяндау, талқылау
- Көрнекіліктер
- Кітаптар, дидактикалық материалдар
- Пәнаралық байланыс
- Тарих
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Лиро-эпостық жырлар туралы түсінікті кеңейту, ойландыратын сұрақтар арқылы оқушы пікірін тыңдау.
Дамытушылық
Таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қабілетті, тілдік қорды және ізденіс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау
- Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?
- Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір саласы — ғашықтық (лиро-эпостық) жырлар. Бұл жырлар батырлық эпостан мазмұны мен құрылымы жағынан бірқатар белгілері арқылы ажыратылады.
Негізгі тақырып
Батырлық эпоста халық мүддесі жолындағы күрес алдыңғы орынға шықса, ғашықтық дастандардың өзегі — екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасіреті мен зары, махаббаты.
Әлеуметтік орта мен салт-дәстүр
Батырлық жырларда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қатынастар, тұрмыс-салт пен әдет-ғұрып лиро-эпостық жырлардың оқиға желісіне табиғи түрде кірігіп отырады.
Кітаппен жұмыс
Оқулықтан лиро-эпостық жырлар туралы теориялық мәтінді оқып, негізгі ойды бөліп көрсетіп, өз тұжырымдарын айту.
Топпен жұмыс: лиро-эпостық жырларды топтастыру
Қозы Көрпеш — Баян сұлу
Айман — Шолпан
Сұлушаш
Қыз Жібек
Ләйлі — Мәжнүн
Құсырау — Шырын
Қалқаман — Мамыр
Білімді бекіту
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Түсінбеген тұстар бойынша қосымша түсіндіру беріледі.
- Лиро-эпостық жырлардың батырлық жырлардан қандай айырмашылығы бар?
- Ғашықтық жырлардың қайсысының кинонұсқасын көрдіңдер?
Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптары мен сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және қосымша кітаптар алып келу.