Патриоттық сезімге баулу

ШҚО Семей қаласы Абай ауданы Тоқтамыс ауылы

«Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ тәрбиешісі — Оразаева Гүлнұр Тұрсынқызы.

Ер есімі – ел есінде

Бұл оқу іс-әрекеті Ұлы Отан соғысының маңызын түсіндіруге, халықтың Отансүйгіштік қасиетін, қаһармандық ерлігі мен еңбегін дәріптеуге, сондай-ақ бүгінгі егемен еліміздің дамуын бағалауға бағытталады.

Мақсаты

  • Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын таныту.
  • Патриоттық сезімге баулу, елін-жерін сүюге тәрбиелеу.
  • Ержүректілік пен батырлық рухын қалыптастыру.

Кіріспе әңгіме

1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.

1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, құжатқа қол қойды. 1945 жылы 9 мамырда бұрын-соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Жеңіс күні осылай келді. Дүние жүзі халқы бостандық алып, «Отан» ұғымын терең сезіне бастады.

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Жеңіс күні құтты болсын!

Күндіз күлкіміз, түнде ұйқымыз тыныш болсын.

Күн көкте — қара бұлтқа оранбасын,

Барлық халық бейбіт өмір сүрсін.

Отанының бақыты үшін мерт болған батырларды есімізде ұстайық, құрметтейік.

Үнсіздік минуты

Балалар, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер тастан қашалып жазылған.

Жеңіс туралы ой

Жеңіс — жақсылықтың сыңары,

Жігер мен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Сұрапыл шайқаста талай батыр ағаларымыз бен апаларымыз жаумен айқасып, ерлікпен қаза тапты.

Аты аңызға айналған қаһармандар

Тарих бетінде батыр ретінде мәңгі қалған тұлғалар қатарында:

Ж. Молдағалиев

Есімі ел жадында.

Қ. Қайсенов

Ерлігімен танылған.

Бауыржан Момышұлы

Өнегелі тұлға.

Әлия Молдағұлова

Қайсар рухтың символы.

Мәншүк Маметова

Батырлықтың бейнесі.

Төлеген Тоқтаров

Ерлік жолы үлгі.

Талғат Бигелдинов

Есімі мәңгі құрметте.

Кеңес Одағының Батыры атанған осы азаматтардың есімі ешқашан ұмытылмайды, мәңгі жадымызда сақталады.

Сергіту сәті

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз — бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Балалар хормен

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды»

Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апаларға басымызды иеміз.

Мақал-мәтелдер

Отан, батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдерді жаттап үйренейік:

  1. 1 Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  2. 2 Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
  3. 3 Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.

Ән

«Дос болайық бәріміз»

Қорытынды

Бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды. Бүлдіршіндеріміз ешқашан қиындық көрмесін. Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Әрқашан көгімізде күн сөнбесін.