Жолда ІІІ топ

Сабақ тақырыптары

  • Математика: жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.
  • Сауат ашу: сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану.

Оқу мақсаттары

  • Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.

Тілдік мақсат

  • Оқушылар өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды және ажыратады.
  • Жазық фигуралардан түрлі заттар мен композициялар құрастырады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері

Үшбұрыш Дөңгелек Шаршы Тік төртбұрыш Композиция

Сыныптағы диалогқа арналған сұрақтар

  • Берілген фигуралар айналамыздағы қандай заттарға ұқсайды?
  • Бірнеше фигураны пайдаланып әртүрлі зат құрастыру мүмкін бе?
  • Композиция құрастыру үшін бір ғана фигура жеткілікті ме? Неліктен?

Алдыңғы оқу

Оқушылар жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрышты параллелепипед) таниды және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Сабақ барысы

Басы (3 минут)

Шаттық шеңбері және сәлемдесу.

Сәлемдесу мәтіні:

  • — Амансың ба, Алтын күн!
  • — Амансың ба, Көк аспан!
  • — Амансың ба, Достарым!
  • — Амансың ба, Мұғалім!

Топқа бөліну

Оқушылар фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеді.

Ортасы: өткен материалды еске түсіру

Видеоматериал: «Пішіндер»

Оқушылар видеодан таныс фигураларды атап шығады: үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш.

Бақылау және салыстыру

  • Оқушылар сопақша фигураны байқайды.
  • Оны жұмыртқаға, ананасқа, лимонға және т.б. ұқсатуға болады.
  • Бұл фигуралар жазық фигуралар деп аталады.

Кеңістік фигуралар

Оқушылар кеңістік фигураларды атайды: куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрышты параллелепипед.

Кейін жазық және кеңістік фигуралардың айырмашылығын өз түсініктері бойынша талқылайды.

Ортасы: жаңа мақсатты айқындау

Тапсырма

Бірнеше жазық фигураны пайдаланып, бір заттың сұлбасын құрастырып көріңдер. (Оқушылар көбіне үй бейнесін құрастыруы мүмкін.)

Мұғалім оқушыларды қолпаштап, келесі қадам ретінде бірнеше заттан тұратын композиция құрастыруды ұсынады.

Сергіту сәті (2 минут)

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Топтық жұмыс: композиция құрастыру

Әр топқа алдын ала дайындалған түрлі тақырыптағы шаблон таратылады. Оқушылар берілген фигуралардың пішінін, көлемін және түсін сәйкестендіріп таңдап, композицияны құрастырады.

Дескриптор

  1. Шаблонмен танысып, композиция тақырыбын түсінеді.
  2. Жұмыс істеу тәртібін меңгереді.
  3. Әр бөлікке сәйкес фигураларды пішіні мен көлеміне қарай дұрыс таңдайды.
  4. Жұмысты ұқыпты орындап, бөліктерін жапсырады.

Топ тақырыптары (4 топ)

  • I топ: Аққала мен күшік
  • II топ: Жолда
  • III топ: Маша мен Аю
  • IV топ: Біздің үй

Соңы: рефлексия

Сұрақтар

  • Бүгін сабақта не білдім?
  • Нені үйрендім?