Жақсы сөз қандай ырыс
Мақал — сөздің мәйегі
Мақал-мәтел — халық даналығының ең көне, ең байырғы қазынасы. Ол ғасырлар бойы ұқыпты сақталған еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірдің түйіні, асыл арманның арнасы, өмір-тіршіліктің айнасы. Атадан балаға жеткен бұл мұра тозбайды, мәнін жоғалтпайды, керісінше әр ұрпаққа бағыт-бағдар береді.
«Өнер алды — қызыл тіл», «Сөз көркі — мақал» деген аталы сөздер бекер айтылмаған. Мақалдың көмегімен ойды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады.
Мақал-мәтелді көп біліп, орынды қолданатын адамның тілі шешен, ойы көркем бола түседі. Осы ұстанымды негізге ала отырып, төмендегі сайыс үлгісі оқушылардың тіл байлығын арттыруға, жұрт алдында еркін сөйлеуге және ана тілін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталады.
Мақсаты
- Қазақтың сөз маржаны — мақал-мәтелдерді оқыту, оларды орынды қолдануға үйрету.
- Оқушылардың сөздік қорын молайтып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу.
- «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» қағидасы арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары
- Слайд материалдары
- Кітап көрмесі
- Нақыл сөздер топтамасы
- Қосымша материалдар
Психологиялық ахуал
Сыныпта бізде тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Қызықты әрі маңызды,
Сайысымызды бастаймыз.
Сайысқа кіріспе
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз облыстық «Қызыға оқыту» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында жоспарланған «Мақал — сөздің мәйегі» тақырыбындағы сайысты өткіземіз.
Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деуге болады: себебі сіздер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап-ақ осы қазынаны үйрене бастайсыздар. Ендеше, сайысымызды бастайық!
Әділқазылар алқасы
- ________________
- ________________
- ________________
Топтар және топ басшылары
1-топ: __________________
2-топ: __________________
Топ басшылары: 1) Азамат 2) Айбар
Сайыс бөлімдері
1-бөлім. Мақал-мәтелдер сайысы
- Кез келген тақырыпта мақал-мәтелдер айтылады.
- Топ мүшелерінің барлығы толық қатысуы қажет.
- Мақал-мәтелдер қайталанбауы керек.
- Әділқазылар айтылған мақал-мәтелдердің санын есептеп отырады.
Ерекше тапсырма: 2-топ басшысы 15 мақал айтуы керек.
2-бөлім. Білімді болсаң, биікке шығарсың
Бұл бөлімде мақалдар бойынша сұрақ қойылады. Әр сұраққа толық жауап беру қажет. Әр топқа 6 мақалдан беріледі.
1-топқа сұрақтар
- Өнерлі бала қандай? — сүйкімді
- Жасы келсе неге? — іске
- Өтірікші кімді алдайды? — өзін-өзі
- Ырыс алды не? — ынтымақ
- Өнерлінің қолы қандай, өлеңшінің сөзі қандай? — алтын
- Қорыққанға не көрінер? — қос
2-топқа сұрақтар
- Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? — аяққа
- Бейнет түбі не? — зейнет
- Ерді не өлтіреді? — намыс
- Ананың сүті қандай, баланың тілі қандай? — балдай
- Жақсы сөз қандай ырыс? — жарым
- Шыншыл адам қандай? — шырайлы
3-бөлім. Сөз тапқанға қолқа жоқ
Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі. Мақсат — бейнелі сөздің астарлы ойын дәл ашу.
Бармағын шайнап қалу
Өкіну.
Ит өлген жер
Алыс жер.
Жүрегі тас төбесіне шықты
Қатты қорықты.
Ат құлағында ойнау
Атқа өте жақсы отыру, шебер шабу.
Төбесі көкке жетті
Қатты қуанды.
Қоян жүрек
Қорқақ.
Беті бүлк етпейді
Ұялмайды, қысылмайды.
Салы суға кетті
Ұнжырғасы түсіп кетті, көңіл күйі жоқ.
Ит тұмсығы өтпейді
Өте қалың, ну.
Аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты
Балағаттады, ұрысты.