Қысқа мерзімді жоспарҰзақмерзімдік жоспар бөлімі

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақмерзімдік жоспар бөлімі

Ақпарат өлшемі және компьютерлік жады

Сынып

7-сынып

Сабақ тақырыбы

Ақпарат өлшем бірліктері

Оқыту мақсаттары

Осы сабақтағы күтілетін оқу нәтижелері

  • Ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне аударуды орындайды.

Сабақ мақсаты

  • Ақпаратты бір өлшем бірлігінен екіншісіне түрлендіре алады.
  • Ақпарат көлемін анықтау үшін есептер шығара алады.

Бағалау критерийлері

  • Кило-, мега-, гига-, терра префикстерін қолданып, ақпарат өлшем бірліктерінің өзара байланысын анықтайды.

Сабақтың басы

5 минут

Мақсат

Бірлескен ортаны қалыптастыру, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мұғалімнің әрекеті

Сабақ тақырыбын анықтау үшін оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

  1. Компьютерде ақпарат қалай беріледі?
  2. Компьютерде ақпараттың қандай түрлері берілуі мүмкін?
  3. Компьютерде ақпаратпен қандай әрекеттер орындалады?

Ықтимал жауап

Компьютер ақпаратты тек сандық түрде өңдей алады. Дыбыс, бейне, аспаптардың көрсеткіштері сияқты басқа да ақпарат түрлері компьютерде өңделуі үшін олар сандық форматқа түрлендірілуі қажет.

Ұйымдастыру ақпараты

Мектеп

Ғ. Мұратбаев

Мұғалімдер

Кульбаева Д. Т., Унгарова В. К.

Материал

«Ақпарат өлшем бірліктері» тақырыбы бойынша жүктеу материалы.