Төрт түлік мал мен егіншілік
Сабақ тақырыбы
Төрт түлік мал мен егіншілік. Ақ бидай. (7-сынып)
Мектеп
Островская орта мектебі
Мұғалім
Бекерыс А.
Негізгі бағыт
Оқу, жоспар құру, грамматика, рефлексия
Оқу мақсаты
- Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.
- Шығарманы іштей оқып, қажетті ақпаратты белгілей отырып оқу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.
- Тақырып мазмұнын меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі
- Тақырыптың маңызын дәлелдеп, түсіндіріп бере алады.
Кейбір оқушылар
- Білімін сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстарды қолдана алады.
Бағалау критерийлері
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Пәнаралық байланыс
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу, түсіндіру
- Ойын, көрнекілік
- Рефлексия
Сабақ барысы
Басталуы
5 минутПсихологиялық ахуал қалыптастыру
-
А) «Шаттық шеңбері»
Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
-
Ә) «Көрші» тренингі
Мақсаты: әрбір қатысушының топтың мүшесі екенін сезінуі және бір-біріне жылылық сыйлауы.
Нұсқаулық
- Көршіңді оң жақтан құшақта.
- Көршіңді сол жақтан құшақта.
- Оң жақтағы көршіңе жыми.
- Сол жақтағы көршіңе жыми.
- Бүгінгі тренинг барысында біз — үлкен отбасы.
Ортасы
20 минутҮй тапсырмасын тексеру
Оқушылар А4 парағына өткен сабақтағы жаңа сөздерді жазып шығады.
Қуаңшылық
засуха
Нашар
слабо, бедно
Мұң-зарына
печаль, горе
Зая кетпей
не зря, не даром
Айырылмас
не разлучный
Оқулықпен жұмыс
Сауатты оқу үшін оқулықтағы 4-тапсырманы орындау (50-бет).
Тапсырма
Берілген етістіктерді жекеше түрде жіктеңдер: айналасу, тұру.
I жақ
Мен айналасамын, тұрамын.
II жақ
Сен айналасасың, тұрасың.
Сіз айналасасыз, тұрасыз.
III жақ
Ол айналысады, тұрады.
Сергіту сәті
ФизминуткаГрамматикалық жұмыс
Берілген сөздерді септеп, жалғауларын белгілеңдер: бидай, адам.
Атау септік
Кім? Не?
Ілік септік
Кімнің? Ненің? — -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс септік
Кімге? Неге? Қайда? — -ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік
Кімді? Нені? — -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыс септік
Кімде? Неде? Қайда? — -да, -де, -та, -те
Шығыс септік
Кімнен? Неден? Қайдан? — -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден
Көмектес септік
Кіммен? Немен? — -мен, -бен, -пен
Мысал (бидай)
Атау
бидай
Ілік
бидайдың
Барыс
бидайға
Табыс
бидайды
Жатыс
бидайда
Шығыс
бидайдан
Көмектес
бидаймен
Ескерту: «адам» сөзі де осы үлгі бойынша септеледі.
Ресурстар
Негізгі материалдар
- Оқулық
- Суреттер
Топтық жұмысқа
- Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар
- Әртүрлі заттар
- Топтық тапсырмалар
Кері байланыс
- Стикер
- Рефлексия парағы