ШығармашылықБілім көздері
Сабақ туралы
Мақсаттар
-
7-ге дейінгі сандарды қайталау және білімдерін бекіту.
-
7-ге дейінгі сандардың таңбалануын меңгерту, есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту.
-
Зейінділікке, ойшылдыққа және жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер
7-ге дейінгі сандар тізбегі, жұлдызша, балық, ойын элементтері.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық дайындық
Сейсенбінің сәтті күні,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең «5»-тік болсын!
II. Үй тапсырмасы
«Жұлдызшалардың орнын тап» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
III. Ой қозғау
Математикалық жұмбақ
Алдында үш балапан,
Артында екі балапан.
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын, балақан.
IV. Жаңа сабақ
Қазақ халқында 7 саны киелі әрі қасиетті, тақ сан ретінде ерекше мәнге ие. Сонымен қатар апта 7 күннен тұрады. Ендеше, 7 санына байланысты нені білеміз?
7 санына қатысты ұғымдар
V. «Алтын балық» ертегісі
Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ендеше ертегілер еліне саяхат жасайық.
Ерте заманда бір балықшы теңіз жағасына балық аулауға барыпты. Бір сәтте оның қармағына алтын балық ілініпті. Алтын балық: «Мені өз мекеніме жіберші. Қанша тілегің болса да, орындайын» — депті.
Сонда балықшы ойланып: «Менің бір ғана тілегім бар: аспандағы жұлдызды алып бер» — депті.
Алтын балық оның жалғыз тілегін орындап, әр баланы бір жұлдызға теңеп, шоқжұлдыз сыйлапты.
VI. Қоянның тапсырмасы
7-ге дейін тура сана.
VII. Дәптермен жұмыс
-
7 цифрын ауада жазу.
-
Сергіту сәті: «Көңілді күн».
VIII. Логикалық тапсырма
Аюдың тапсырмасы: логикалық ойлауға арналған жұмыс.