Сөйлесе - шешен, Жұртты аузына қаратар

Мағжан Жұмабаев

Балалық шағы -
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның - үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!
Білімсіз - есек,
Опасыз десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Өлікпен тең,
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де.
Сондай болма, қарағым,
Даяр болсын жарағың!
Білген жан - көсем!
Сөйлесе - шешен,
Жұртты аузына қаратар.
Істегені - өрнек,
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Білімдінің сөзі - ем,
Мейірімі көп, етек - кең!
Жұртына мақтаулы,
Сыбаға сақтаулы,
Пәлі! деп қарсы алар.
Іс қылар тежеп,
Жан-жүрек өжет,
Бет келгенді арсалар.
Қайда барса - сыйымды,
Білімі - мал, бұйым-ды!



Ұқсас жұмыстар

Сындық мағыналы фразеологизмдер
Бейімбет МАЙЛИН әңімелері
Бейімбет Майлин шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Мағжанның лирикасы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі
Ақын–жыраулар мен билердIң шешендIк сөз өнерIндегI тәлIмдIк ойлар
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
Тіл халықтың жаны
15-16 ғ. жыраулар мен ақындар поэзиясындағы әлеуметтік ойлар
ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН
ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымы
Менің көңілім жұрттың қамында емес, бір басқа
Шешендік сөздері
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз - 1792) - батыр, шешен
Әзімбайдың аузынан
Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам
Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты
Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы - 1914, Қытай, Сауыр тауы) - би, шешен