Мәтінді сурет бойынша түсіндіру

Ақтөбе облысы · Алға ауданы · Қарақобда ауылы

Қарақобда орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Малаева Индира Жақсылыққызы

Сабақ тақырыбы

«Бурыл ат» (Бердібек Соқпақбаев)

Сабақ мақсаты

  • Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
  • «Бурыл ат» әңгімесінің негізгі идеясын ұғындыру.
  • Мәтінді талдау арқылы жылқының қадір-қасиетін, қыр-сырын таныту; ұлттық дүниетанымды кеңейту.
  • Батылдыққа, қайырымдылыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу; шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақ міндеттері

1) Білімділік

Жазушы өмірімен және «Бурыл ат» әңгімесімен таныстыру; жылқының пайдасы мен тұрмыстағы қажеттілігін түсіндіру арқылы білімді кеңейту.

2) Дамытушылық

Мәтінге байланысты тапсырмалар орындату, сурет бойынша сөйлету арқылы сөйлеу тілін, қабылдауын, зейінін дамыту; ұлттық сана-сезімді ояту.

3) Тәрбиелік

Пәнге қызығушылықты арттыру, қазақы мінез қалыптастыру; еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және топпен жұмыс барысында ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері және ресурстар

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Топқа бөлу
  • Көрнекілік
  • Топтау
  • Баяндау
  • Талдау–жинақтау
  • «Бес жолды өлең»
  • Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Буклет, әңгіме мазмұны бойынша суреттер
  • Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, топтау сызбалары
  • «Көкпар» ойыны бойынша суреттер, кеспе қағаздар
  • Акварель, бағалау парағы, ат суреті
  • Топ атаулары жазылған қағаздар, Б.Соқпақбаев портреті
  • «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері, дене шынықтыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу; оқу құралдарын түгендеу.
  • Топқа бөлу: кеспе қағаз арқылы. Құс суреті шықса — «Құстар» тобы, жануар суреті шықса — «Жануарлар» тобы.
  • Бағалаушы (бақылаушы) сайлау: түстер арқылы бағалап отырады.

II. Үй жұмысын тексеру

Сұрақ

Үйге қандай тапсырма берілді?

Жауап

Қастек Баянбаевтың «Атқа міндім» өлеңінен үзіндіні жаттау және сурет салу.

Әр топтан жауап алынады, салған суреттер тақтаға ілінеді.

III. Үй жұмысын қорыту (Бес жолды өлең)

1. Не?

Ат

2. Қандай?

Қара, боз

3. Не істейді?

Жүгіреді, пысқырады, шабады

4. Пайдасы

Көлік, тамақ, сусын, серік

5. Мағыналы сөйлем

Атам мені атқа мінгізіп үйретті.

IV. Жаңа сабақ

Ой қозғау: «Сүйікті фильмдерің қандай?» — «Менің атым Қожа». Негізгі кейіпкер — Қожа.

Фильмнен үзінді көрсетіледі. Осы шығарманың авторы — Бердібек Соқпақбаев.

Бердібек Соқпақбаев: қысқаша шолу

Бердібек Соқпақбаев — балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Ол 1942 жылғы 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданында (қазіргі Райымбек ауданы), Қостөбе ауылында дүниеге келген.

1949 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын тәмамдап, туған ауданында мұғалім болып қызмет етті.

1952–1970 жылдары «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында және Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ газет-журналдарда өлеңдері мен әңгімелері жариялана бастады.

Алғашқы кітабы — «Он алты жасар чемпион» (1951). Жазушының шығармаларын оқығанда, кейіпкерлермен бірге балалық шаққа сапар шеккендей әсер аласың. Көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.

Бүгін біз «Бурыл ат» әңгімесімен танысамыз.

Мәтінмен жұмыс

1) Сурет бойынша түсіндіру

  • Мәреге бірінші жеткен Асқар
  • Аттардың шабысы
  • Көмбедегі аттар

2) Кейіпкерлерді топтау

  • Өмірәлі
  • Сүлеймен
  • Асқар

3) Сөздік жұмысы

  • Қағілез — нәзік, жұқа, тілалғыш, пысық.
  • Көмбе — ат жарысы басталатын жер.
  • Төреші — бәйгені ұйымдастырып, қорытындысын шығаратын адам.
  • Айналма — бұрылыс.
  • Тұрқы — тұлғасы, пішіні.
  • Шаша — ат сирағының төменгі жағындағы бір шоқ қыл.
  • Мәре — жарыстың аяқталғанын белгілейтін жер.
  • Құлдилата — төмен қарай.
  • «Аттың құлағында ойнайды» — еркін меңгерген.
  • «Қаздитып қағып қойған мық шеге тәрізді» — тік отыру.

Жылқының пайдасы

Оқушылар жылқының тұрмыстағы орнын айтады: көлік, серік, азық. Атқа күтім жасап, баптаудың маңызы талқыланады.

«Жадыңа жұпта, балақай!» бөлімі арқылы ат әбзелдерімен таныстырылады.

Топтық жұмыс

I топ

Мәтінді оқиды.

II топ

  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Асқарға мінездеме береді.

Талқылау сұрақтары

  1. Әңгімедегі оқиға қандай ұлттық ойын негізінде құрылған?
  2. Жарыс қалай басталады?
  3. Бурыл аттың бірінші келетініне кім сенімді? Бурыл ат сенімді қалай ақтады?

Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру (сурет бойынша)

  • 1-сурет: Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.
  • 2-сурет: Атты қамшы айдайды, ерді намыс айдайды.
  • 3-сурет: Тұлпар шаба жетіледі, сұңқар ұша жетіледі.

Сергіту сәті

Ат жасына қарай бөлінуі:

Құлын Жабағы Тай Бие Бесті

Қосымша мәлімет: ат бейнесі еліміздің Елтаңбасында да бар. Бұл — халқымыз тұлпардай жүйрік, рухы биік болсын дегенді білдіреді.

«Ат туралы білетініміз» (топтау)

Қамбар ата

Жылқы түлігінің пірі

Төрт түлік

Тұрмыс тірегі

7 қазынаның бірі

Ат — ер қанаты

Қымыз

Дәруменге бай сусын

Саятшылық

Пайдалы серік

Тіршілік көзі

Көлік · азық · серік

V. Бекіту (Көкпар ойыны форматы)

«Көкпар» ойыны үлгісінде бекіту жүргізіледі: 4 ат — «Құстар» тобына, 4 ат — «Жануарлар» тобына беріледі. Мұғалім — төреші. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Көп дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.

I топ сұрақтары

  1. Жылқы етінен не жасалады?
  2. Ат әбзелдерін ата.
  3. Ат жастарына байланысты атауларды айтып бер.

II топ сұрақтары

  1. Ат пірін қалай атайды?
  2. (Мәтін бойынша) оза шыққан 3 атты ата.
  3. Қымыздың пайдасын айтып бер.

VI. Қорытынды

  • Қай жазушының шығармасымен таныстық?
  • Қандай әңгіме оқылды?
  • Қай спорт түрі (ұлттық ойын) сипатталды?

Түйін: ат адамға мінсе — көлік, жесе — тамақ, ішсе — сусын. Атты күтіп-баптай білу керек. Оның еті мен сусынының (қымыздың) шипалық мәні бар.

VII. Бағалау

Бағалау түстер арқылы жүргізіледі:

Қызыл

5

Көк

4

Сары

3

Сапалық сипаттама

Қою — өте жақсы · Ақшыл — жақсы · Өте ақшыл — қанағаттанарлық

Аты-жөні Үй тапсырмасы Өзін-өзі ұстауы Оқуы Қатысымы Мәнерлеп сөйлеуі Өз бетінше меңгеруі Өз ойын айтуы Баға
1 Қуанышбай Олжас Қызыл — 5

VIII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді рөлге бөліп оқу.
  • Ат туралы мақал-мәтелдер жазып келу.