Астана қаласының монументі
Сабақтың барысы
Бұл сабақ Астана қаласына қатысты білімді бекітуге арналған сайыс форматында өтеді. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, жауаптары үшін жұлдызшалармен марапатталады.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Кезекшімен қысқа сұхбат жүргізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Өрмекші торы» әдісі бойынша өткен модульге қатысты сұрақтарға жауап дайындалады және талқыланады.
Сайыс кезеңдері
Бүгінгі сайыс сабағымыз еліміздің елордасы — Астана қаласы бойынша ұйымдастырылады.
1-кезең: Сөздік жұмысы
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, сөз тіркестері мен құрмалас сөйлемдер құрастырамыз. Екі топ жарыс түрінде орындайды.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| бас | главный |
| әйгілі | известно |
| қасиетті | священный |
| көрікті | красивый |
| айналу | превратиться |
| зәулім | высотный |
| әсерлі | впечатляющий |
| орда | центр |
Бағалау: сөз тіркесі мен сөйлемді нақты, дұрыс құраған оқушылар жұлдызшамен марапатталады.
2-кезең: Грамматикалық тапсырма (Сын есім)
Сын есім — заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөз табы. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
Мысалдар
ақ, көк, тамаша, ащы, тәтті
Тапсырмалар
- «Жас тарихшылар»: салыстырмалы шырайға бірнеше мысал келтіру.
- «Жас зерттеушілер»: күшейтпелі шырайды қолданып сөйлем құрастыру.
| Шырай түрі | Жұрнақ/тәсіл | Мысал |
|---|---|---|
| Салыстырмалы шырай | -рақ/-рек, -ырақ/-ірек; -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу; -шыл/-шіл | сәндірек, жастау, көкшіл |
| Күшейтпелі шырай | буын арқылы; тым, өте, аса, ең | ап-ауыр, әп-әдемі; өте арзан, ең биік |
3-кезең: Мәтінмен жұмыс («Астана»)
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы — Астана. Бүгінде астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір — талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуынша, өткен ғасырларда бүгінгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады. Қала төрінде орналасқан алып Бәйтерек кешені — тәуелсіздіктің символы. Бәйтеректің пішіні ұлы даланың кеңдігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді.
Астана — болашағы зор қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол — әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Жұмыс форматы: мәтін екі бөлікке бөлініп, топтарға беріледі. Топ спикерлері бір-біріне мазмұндайды. Соңында бағаланады.
4-кезең: Пікірлесу
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Әр жауап үшін жұлдызша беріледі.
- Біздің мемлекетіміздің бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы қай аймақта орналасқан?
- Бұл жердің ауасы, қысы, жазы қандай болады?
- Астана болашақта қандай қала болады деп ойлайсың?
- Мұнда нелер салынып жатыр?
5-кезең: Көп нүктенің орнына сөздерді қойыңдар
Дәптермен жұмыс. Берілген сөздерді тиісті орынға қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Сөйлемдер
- Астананың __________ 1998 жылдың маусым айында болды.
- Мерекеге __________ көптеген қонақтар келді.
- Астананың __________ тойына арналған театрландырылған көрініс тамаша болды.
- Сөйтіп __________ Ақмола әсем Астанаға айналды.
Керекті сөздер
- ақ қарлы
- ашылу рәсімі
- тұсаукесер
- алыс-жақын шетелдерден
Сергіту сәті
- Қарлығашқа ұқсайық, кәне қанат жазайық.
- Ұшып-ұшып алайық.
- Орнымызға қонайық.
6-кезең: Шырай жасау
Берілген сөздерден сын есімнің күшейтпелі және салыстырмалы шырайларын жасаңдар.
Бағалау: екі топтан бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жұлдызшамен марапатталады.
7-кезең: Сөзжұмбақ
Көлденеңнен
- Алманың бір түрі.
- Астана қаласын екіге бөліп тұрған өзен.
- ҚР мемлекеттік рәмізі.
- Сусын түрі.
- ҚР мемлекеттік рәмізі.
- Білім беретін адам.
8-кезең: Тест
І нұсқа
- Заттың сынын білдіретін сөз табы: A) зат есім Ә) сын есім Б) етістік
- Қазақстанның бас қаласы: A) Астана Ә) Өскемен Б) Семей
- Астананың қысы: A) жылы Ә) салқын Б) ақ қарлы
- Сын есімі бар сөйлем: A) Қарлы жауын. Ә) Қыс келді. Б) Қыс мезгілі
- ҚР-да неше облыс бар: A) 15 Ә) 13 Б) 14
- Астана қаласының бұрынғы атауы: A) Алматы Ә) Ақмола Б) Астана
- Күз айлары: A) қыркүйек, қазан, қараша Ә) маусым, шілде, тамыз Б) желтоқсан, қаңтар, ақпан
ІІ нұсқа
- «Қандай? Қай?» сұрақтары қай сөз табына жатады: A) сын есім Ә) сан есім Б) зат есім
- Сын есімі бар сөйлем: A) Күн жылы. Ә) Қар жауды. Б) Мен келдім.
- Астана қаласы деп қай жылы аталды: A) 1993 ж. Ә) 1998 ж. Б) 1991 ж.
- Астананың монументі: A) Ханшатыр Ә) Думан Б) Бәйтерек
- «Күз әдемі мезгіл.» сөйлеміндегі сын есім: A) мезгіл Ә) күз Б) әдемі
- Сын есімнің салыстырмалы шырайы: A) артықтау Ә) толық па? Б) тым алыс
- Қазір жылдың қай мезгілі: A) жаз Ә) қыс Б) күз
Рефлексия: кластер әдісі бойынша қорытынды жасалады.
Үй тапсырмасы
Өлеңді мәнерлеп оқу: «Астана».
Гүлдей жайнап желегің,
Бой көтерген Астанам,
Отанымның жүрегі —
Бақытты бол, бас қалам.
Сән-салтанат бәрінде,
Қолтаңбасы шебердің.
Нұр сәулеге бөленген,
Қол бұлғайды келер күн.
Алтын ұям — Астанам,
Жайнай берші, жас қалам.
Жүрегімнен төгілер,
Өзің жайлы асқақ ән.
Бағалау
Оқушылар бағалау парағы арқылы өз жұмыстарын бағалайды. Жинаған жұлдызшалар белсенділік пен дәлдікті көрсетеді.