Танакөз Толқынқызының өлеңі

Танакөз Толқынқызының өлеңі. Мен - өртпін

Мен – өртпін. Күресе алмайсың.
Өртеуден жіп есе алмайсың.
Мендегі тегеурін - алапат,
Сен оған ілесе алмайсың.

Ойыннан өрт шықты, қарашы.
Ол өрттен дерт күшті, шамасы.
Мұң ғана жалғайтын секілді,
Мыңдаған шақырым арасын.

Сүйгізбе! Сүйгізсең, күйредің.
Өзім де күйрейтін күйдемін.
Мың атан түйені шөктірер
Мендегі бұл шердің ширегі...

Тілімді түсінгің келсе егер,
Сен өрт бол, мен емес жел сенер.
Лапылдап жанайық, басқалар
Несі бар, күйіктен өлсе өлер.

Жаныңа бір тал шоқ тастасам,
Тосылма, сені өртей бастасам.
Бұл дертті сөндіру қиын - ау
Өртімді өртіңмен баспасаң.
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

ГҮЛНАР САЛЫҚБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СІЗ СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІ
Мұхтар Шаханов Танакөз поэмасы, Ғашықтық ғаламаты өлеңі
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Мұхтар Шаханов өмір жолының кезекті кестесі
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Қызметтік хаттың құрылымы
Ақын Мұхтар Шаханов
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Өзінің Жастарға атты өлеңінде
Бірде гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқып жүрген студент қызға Тынышбай Рахымның өлеңін оқығанда, әлгі студент қыз
Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті
Шәкәрім атамның өлеңін жалғастырсам
Өмірлік өлеңінің мінезі
Мағжан Жұмабаев атамыз Қазақ тілі өлеңінде
Өзінің өлеңінде
Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек өлеңінде
Айнамкөз өлеңінде
Қаракесек өлеңінде