Құрметті ата - аналар және қонақтар
Бір белестен өттіңдер
Бұл — балабақшамен қоштасып, мектепке қадам басар түлектерге арналған мерекелік кештің сценарийі. Кештің өзегі — алғыс, естелік, өнер және балалардың алғашқы жетістіктерін қадірлеу.
Кешті жүргізушінің сөзі
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да — мұндай әсер, сірә, әр жүректе бар. Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық: «Балауса» шағын орталығының түлектерін.
(Түлектер музыка ырғағымен ортаға шығады.)
Түлектерді таныстыру
- Аяжан, Нұрай, Алтынай, Құралай, Аққыз — атына заты сай өнерлі қыздарымыз.
- Олар — аудандық «Бүлдіршін» фестивалінің лауреаттары.
- Ералы — еркесі де, серкесі де.
Мерекенің мәні
Қызыққа толы күндер өтті, алты жасқа жеттіңдер. Енді мектепке барасыңдар — бір белестен өттіңдер. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, алда әлі талай шуақты күндер күтіп тұр.
Бүгінгі күн — балалардың білімі мен өнерін тамашалауға арналған.
1-бөлім: Балалардың тақпақтары
№1
Тақпақ 1
Балабақша, балабақша —
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша — қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанышымыз бүгін мол,
Мектепке біз тарттық жол.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам, қош сау бол!
Тақпақ 2
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Едік аппақ нәресте,
Көп жұбанғаным есімде.
«Ботақаным, бөбек» деп
Еркелеттің ұл-қызды.
Ата-ананы ерекше
Қуантатын күн — бүгін.
Тақпақ 3
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Даярлыққа барамыз.
Тақпақ 4
Міне, мен де үлкен болдым,
Жасым толды алтыға.
Кітаптағы ертегіні
Енді өзім оқимын.
Балабақша, қош енді,
Әркез аман бол дейміз.
Әкем менен анамды
Енді ертіп келмеймін.
Тақпақ 5
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл-санамыз.
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
Балабақшам сүйікті —
Ән салдыртты, билеттті.
Шынықтырып денемді,
Шымыр болуға үйретті.
Тақпақ 6
Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өтті талап-талғамым —
Естеліктей бүгінде.
2-бөлім: Ән
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін тамашалаңыздар!
Кейіпкер: «Білім» келеді
Жүргізуші
Барлығымыз тынышталайық — Білім келе жатыр!
Білім
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар және қонақтар!
Тәрбиеленушілер Ералы, Аяжан,
Нұрай, Алтынай,
Құралай — балабақшада апайлары сендерге нені үйретті?
Егер өнерлерің мен білімдеріңді көрсетсеңдер, әділ шешім қабылданып,
даярлық тобына өтесіңдер!
Тапсырма сәті
Жүргізуші: Қане, балалар, «Білімге» балабақшада не үйренгендеріңді айтып беріңдер. Ендеше іске кірісейік!
(Балалар тапсырма орындайды, музыка қосылады.)
Би
Сергіту сәті
Естелік
Балалардың естелігі
Орыс тілінен үйренгендері
Тақпақ (№1)
Уронило солнце
Лучик золотой.
Вырос одуванчик,
Первый молодой.
Среди всех народов,
Среди разных стран
Люблю больше всех
Я родной Казахстан!
Вырастает, расцветает
Город каждым днем.
Мы, ребята-дошколята,
Вместе с ним растем.
Великую землю,
Любимую землю,
Где мы родились и живем,
Мы Родиной милой,
Мы Родиной светлой,
Мы Родиной зовем.
Все ребята молодцы,
Вы ребята — удальцы!
Помашем на прощание
И скажем: «До свидания!»
Ұйымдастырушылар
- С. Сатыбалдин атындағы орта мектеп
- «Балауса» шағын орталығы
- Тәрбиешілер: Магмурова А. Б.