Оқушылар болжауы
Сабақ тақырыбы
С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі бойынша сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік
Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыру, мәтінге талдау жасату, тақырыптың мәнін ашу.
2) Дамытушылық
Танымдық қызығушылықты арттыру, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік талдау жасауға және болжауға үйрету.
3) Тәрбиелік
Шығарма мазмұны арқылы адамгершілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; өз ойын еркін айтуға және өзгенің пікірін тыңдауға баулу.
Сабақ сипаттамасы
Түрі мен типі
- Түрі
- Аралас сабақ
- Типі
- Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу
- Талдау
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
СТО стратегиялары
Көрнекіліктер мен құралдар
- Интерактивті тақта
- Жусан шөбі
- Дәптер
- Бөлікке бөлінген парақтар
- Слайд материалдары
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Қызығушылықты ояту
Оқушыларға конверт ұсынылады: «Алдарыңдағы конвертті ашып көріңдер. Бұл қандай шөп?» Жауап: жусан.
Ой қозғау сұрақтары
- Жусан қандай өсімдік?
- Жусан туралы бұрын естігендерің бар ма?
- Жусанның иісі нені еске түсіреді?
Ақпараттық кіріспе
Ақмарал дайындаған жусан туралы қысқаша мәлімет тыңдалады. Одан кейін бүгінгі сабақта С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен танысатынымыз айтылады.
Автор туралы қысқаша дерек слайд арқылы беріледі.
Болжау
««Жусан иісі» әңгімесі не туралы болуы мүмкін?» — оқушылар топта талқылап, өз болжамдарын сыныпқа ұсынады.
3) Мағынаны ашу (аялдамамен оқу)
I бөлім
Алдымен мәтіннің I бөлімі таратылады. Оқушылар іштей оқиды да, алғашқы болжамдарымен салыстырады.
Талқылау сұрақтары
- Болжамдарың сәйкес келді ме?
- Оқиға қай кезеңде баяндалады?
- Соғыс не үшін болды деп ойлайсың?
Сөздік жұмысы
«Қаралы қағаз» ұғымы түсіндіріледі (интерактивті тақта арқылы).
II бөлім
«Ары қарай не болады?» — жеке ойлану, топта талқылау, сыныпқа айту. Кейін II бөлім оқылып, болжаммен салыстырылады.
Талқылау сұрақтары
- Келген қаралы қағаздың басқалардан айырмашылығы неде?
- Аян бұл хабарды қалай қабылдады? Бұл оған қалай әсер етті деп ойлайсың?
- «Аян жылай білмей ме?» деген ойға қалай келдің?
Мұғалім соғыс кезіндегі балалар өмірі туралы қысқаша әңгімелейді (слайд арқылы).
III бөлім
«Жусан иісі туралы айтыла ма?» — келесі бөлімге болжау жасалып, III бөлім оқылады.
Талқылау сұрақтары
- Ат қораның іші қандай суреттеледі?
- Аян неге қараңғы қораға келіп жылады?
- Кімнен жасырынды? Неге жасырын жылады?
- Аянның қандай бала екенін байқадың?
Мұғалім: соғыс салған ауыртпалық тек Аянның басында ғана емес, сол дәуірдегі мыңдаған баланың тағдырына ортақ болғанын қорытындылайды.
IV бөлім
«Әкесінен айырылған Аян енді не істеуі мүмкін?» — болжам жасалып, IV бөлім оқылады.
Талқылау сұрақтары
- Болжамдарың сәйкес келді ме?
- Аян кімнің үйінде тұратын еді?
- Аян қайда жиналып жатты?
- Есікбай кім? Оның көңіл күйі неге өзгерді?
Интернат және балалар үйі туралы қысқаша ақпарат беріледі (слайд).
V бөлім
«Мәтін қалай аяқталады?» — қорытынды болжау жасалып, V бөлім оқылады.
Талқылау сұрақтары
- Болжамдарың сәйкес келді ме?
- Балалар Аянды қалай еске алатын еді?
- Әңгімені баяндаушы бала үшін жусанның иісі кімді еске түсіреді?
- Жусан иісі арқылы автор қандай ой тастайды?
4) Дәптермен жұмыс және шығармашылық тапсырмалар
Дәптермен жұмыс
«Қора іші» сипаттамасына қатысты мәтіннен тіркестерді тауып, дәптерге жазу.
I топ
«Аянның болашағы» тақырыбында әңгімені жалғастырып жазу.
II топ
Аянға хат жазу.
III топ
«Аян қандай бала?» — портреттік сипаттама құрастыру.
Ұсыну форматы
- Топта оқып, талқылау
- «Автор орындығына» отырып, сынып алдында оқу
- Жұмыстарды қабырғаға іліп, «галерея шарлау» арқылы танысу
5) Қорытындылау
Сұрақтар
- Аян бүгінгі күні қайда болуы мүмкін?
- Әңгіме неге «Жусан иісі» деп аталған?
- Мәтінді оқығаннан кейінгі көңіл күйің қандай?
Кері байланыс
Оқушылар өз көңіл күйін белгілеу арқылы білдіреді (смайлик әдісі).
Бағалау слайд арқылы жүргізіледі.
6) Үй тапсырмасы
- «Туған жерге сағыныш» тақырыбына эссе жазу.
- Бүгінгі күні елімізде жетім балаларға қандай қамқорлық жасалады? (ізденіс, шағын ақпарат дайындау)