Сан есімнің сұрағын тап

Сабақтың барысы

Төмендегі құрылым сабақтың кезеңдерін бірізді жүргізуге, ал тапсырмалар оқушылардың сан есімді тану және түрлерін ажырату дағдыларын бекітуге бағытталған.

1

Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Мұғалім:

Екі көзің не үшін керек?

Оқушы:

Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім:

Екі қолың не үшін керек?

Оқушы:

Елге көмек беру үшін.

Мұғалім:

Екі құлағың не үшін керек?

Оқушы:

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

2

«Миға шабуыл». Үй тапсырмасын тексеру

Төмендегі тест сұрақтары арқылы оқушылардың алдыңғы білім деңгейі анықталады.

  1. 1) Бір жылда неше ай бар?

    A) 7 Ә) 12 Б) 10
  2. 2) Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл?

    A) 15 Ә) 20 Б) 18
  3. 3) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

    A) 28 Ә) 36 Б) 42
  4. 4) Сан есімнің сұрағын тап.

    A) қандай? Ә) қанша? Б) кім?
  5. 5) Сан есім нені білдіреді?

    A) заттың атын Ә) заттың сынын Б) заттың санын
  6. 6) «Мен отбасымда екінші баламын». Сан есімді тап та, қай түріне жататынын анықта.

    A) есептік Ә) реттік Б) болжалдық
  7. 7) Реттік сан есімнің жұрнағын тап.

    A) -ыншы, -інші Ә) -ау, -еу Б) -дан, -ден
3

Көркем жазу (тақтамен жұмыс)

Жазу дағдысын бекіту үшін үлгі бойынша көркем жазу орындалады.

4

Ой қозғау. Мәтінмен жұмыс (29-жаттығу)

Қоян қымбат бағалы түбіт береді. Оның терісі де бағалы. Қоян өте өсімтал келеді. Жылына 4–5 рет көжектейді. Әр жолы 8–10 көжек туады.

Тапсырмалар

  • Сан есімдерді тауып, қай түрі екенін айт.
  • Мәтінге ат қой.
  • Мәтіннің әр бөлігі қандай жолдан басталып жазылғанын анықта.

Түсіндірме

«Өсімтал» — тез көбейетін, ұрпағы жиі және көп болатын деген мағына береді.

Негізгі сандық деректер: 4–5 рет, 8–10 көжек.

5

«Ойлан тап!» (30-жаттығу)

Сан есімдерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.

6

Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрап, жазбаша түрде рәсімдеу.

7

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
1, 2, 3 — иілеміз оңға қарай,
1, 2, 3 — иілеміз солға қарай.

8

Көру диктанты

Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

9

Өзіндік жұмыс (үлестірмелі карточкалар)

Әр оқушыға берілген карточкалар бойынша тапсырмаларды орындау.

10

«Кім тапқыр?» (34-жаттығу)

«Себетке» реттік сан есімдерді таңдап орналастыру.

11

«Кім жылдам?» (ребустар)

Ребустарды шешіп, шыққан сөздерді жазу:

К + 2 + лік тү + 1 к + 3 + ік жел + 90 6 + бақан т + 10
12

Сабақты бекіту

Қорытынды сұрақтар: Не білдік? Не үйрендік?

13

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

35-жаттығу: ребустың шешуіндегі сөзбен сөйлем құрап жаз.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, жазба жұмыстары және белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}