Метрикалық бұранда
Сабақтың тақырыбы
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: өткен сабақта алған білімді қайталау, қорытындылау және бекіту; бұранданың түрлерін және сызбада белгілену ережесін көрсету.
- Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, пән бойынша алған білімін қолдана отырып жылдам шешім қабылдауға бейімдеу.
- Тәрбиелік: пәнге және сабаққа қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Қолданылатын әдіс
- Дифференциалдық әдіс
- Көрнекілік құралдар
- Плакаттар, көрнекілік бұйымдар, карточкалар, оқулықтар
- Пәнаралық байланыс
- Математика
Сабақтың барысы
Төменде сабақ кезеңдері уақыт мөлшерімен және негізгі әрекеттерімен берілген.
I. Ұйымдастыру бөлімі
3 минут- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Оқушыларды түгендеу және журнал толтыру.
- 3 Жұмыс құралдарын тексеру, кезекшіні тағайындау.
- 4 Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
10 минутӨткенге шолу: сұрақ-жауап
- МЕСТ бойынша қанша негізгі көрініс бар?
- Ось бойынша өлшеу дегеніміз не?
- Қарапайым тілік дегеніміз не?
- Қиымша дегеніміз не?
- Изометрия осьтері қалай орналасады?
- Алдыңғы көріністе орындалған тілік қалай аталады?
- Сызу аспаптарының көмегінсіз салынған сызба қалай аталады?
- Қималардың түрлерін атаңыз.
- Тіліктер қалай бөлінеді?
Тақтада жұмыс
2 оқушы тақтада тілік орындайды.
Зертханалық жұмыс
Әр оқушыға аяқталмаған сызба таратылады. Оқушылар парақтағы жұмысты аяқтап тапсырады.
«Алтын сақа» ойыны
Топ оқушылары кезекпен ортаға шығып, үстел үстіндегі сандары бар плакатқа асық иіреді. Қай санға түссе, сол санға сәйкес белгіленген пішінді алып, сызылған сызбаны түсіндіреді.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.1. Бұранданың түрлері
Бұрандамен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, қаламның өзегін ауыстыру үшін қаламның басын бұрап ашамыз.
Жазық фигураның винттік қозғалысы нәтижесінде пайда болатын дене бұранда деп аталады.
Бұрандалардың жіктелуі
Профиль бойынша
Метрикалық, трапециялық, тікбұрыштық
Орналасуы бойынша
Сыртқы, ішкі
Қажеттілігіне қарай
Жүрістік, бекіту
Пішімі бойынша
Цилиндрлік, конустық
Кіріс саны бойынша
Бір кірісті, көп кірісті
Винттік сызық бойынша
Солақай, оңқай
3.2. Бұранданы тексеру
Бұранданың негізгі параметрлерін анықтау үшін номинал диаметрі, адым мәні, кіріс саны және бағыты (солақай/оңқай) ескеріледі.
3.3. Бұранданың белгіленуі
Бұранданы белгілеу бірнеше бөліктен тұрады. Әр бөлік бұранданың түрін және өлшемдерін нақтылайды.
- 1 Бір немесе бірнеше латын әрпі бұранданың түрін көрсетеді.
- 2 Номинал диаметрі (мм) санмен беріледі.
- 3 Кіріс саны: егер бұранда бір кірісті болса, бұл көрсетілмейді.
- 4 Адым мәні: ірі адым әдетте көрсетілмейді.
- 5 Егер бұранда солақай болса, LH әріптері жазылады; оңқай болса, белгі қойылмайды.
Белгілеулердің қысқаша кілті
- M
- метрикалық
- Tr
- трапециялық
- G
- құбырлық
- K
- конустық
- S
- тіректік
- R
- цилиндрлік
Мысал
M20×1 LH
Номинал диаметрі 20 мм, адымы 1 мм, солақай, ұсақ адымды метрикалық бұранда.
Мысал
M16×2
Номинал диаметрі 16 мм, адымы 2 мм, оңқай метрикалық бұранда.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
4.1–4.2. Тапсырмалар және сұрақтар
- Кесте толтыру.
- Сұрақтарға жауап беру:
- Бұранда дегеніміз не?
- Бұранданың түрлері қандай?
- Конустық бұранда қалай белгіленеді?
- Бұранданың адымдары қалай бөлінеді?
4.3–4.4. Жаттығулар
Диктант (белгілеулер)
MK 8×0,75
M24×2 I LH
Tr 36×3
S100×12
Семантикалық карта
1. Құбырлық бұранда
G 1/2
2. Тіректік бұранда
S 16×2
3. Метрикалық бұранда
M 24×0,75
4. Метрикалық конустық
K M 40×3 LH
5. Трапециялық
Tr 32×6 0 LH
V. Қорытындылау
5.1. Бағалау
Оқушылардың жұмысы сабақ барысындағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.
5.2. Үй тапсырмасы
- И. С. Вышнеполныйдың «Техникалық сызу» кітабынан №57 оқып келу.
- A3 пішіміне негізгі сызба орындап келу.