Батыс Түрік қағанатының астанасы
Жалпы мәлімет
Өтетін орны
Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
Пәні
Тарих
Мұғалім
Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы
Интеллектуалды ойын: «Ойлан тап!»
Бұл ойын оқушылардың тарих пәнінен алған білімін жүйелеуге, танымдық қызығушылығын арттыруға және жылдам әрі дәл шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Оқушыларды үш топқа бөліп, тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу, тақырыптарды өзара байланыстыра қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Пәнге қызығушылықты арттыру, шығармашылыққа ынталандыру, ойлау мен іздену қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, жинақылық пен іскерлік дағдыны қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге баулу.
Көрнекіліктер
- Мультимедиялық тақта
- Слайдтар
- Суреттер
- Қазақстан картасы
Ойын барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Ойын шартымен және сайыс түрлерімен таныстыру.
- 2 Әділқазылар алқасымен және топ құрамымен таныстыру (7-сыныптар арасында).
1-сайыс: Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырып, қорғайды.
2-сайыс: Терминология
Тапсырма: берілген терминдердің мағынасын жазыңыз.
| Термин | Мағынасы |
|---|---|
| Жабғу | Оғыз мемлекетінің билеушісі. |
| Инал | Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері. |
| Вакф | Мешіттер мен медреселерге тиесілі жер иелігі. |
| Орда | Хандық биліктің орталығы. |
| Руна | Түркілердің көне жазуы. |
| Елтебер | Қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым. |
| Ихта | Феодалға шартты түрде берілетін жер үлесі; жер иеленудің бір түрі. |
| Сүзеген | Арабтардың Сұлу қағанға берген атауы. |
| Селиф | Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға берілетін атақ. |
| Тат | Құл. |
3-сайыс: «Математикалық шкатулка»
Тапсырма: есепті шығарып, шыққан датаға сәйкес қандай тарихи оқиға болғанын айтыңыз.
Есеп
5 × 100 × 3 ÷ 2 − 198 = 552
Оқиға: Батыс Түрік қағанаты (552).
5 балл
Есеп
(20 × 5) + (60 × 3) + (120 × 5) − 10 = 870
Оқиға: Әл-Фараби (870).
5 балл
Есеп
75 × 10 + 1 = 751
Оқиға: Атлах шайқасы (751).
5 балл
Есеп
(1000 ÷ 20 + 160) ÷ 30 + 935 = 942
Оқиға: Қарахан мемлекеті өмір сүрді (942).
5 балл
Есеп
(1250 + 1000) − (1700 − 75) + 131 = 756
Оқиға: Түргеш қағанаты құлады (756).
5 балл
Есеп
(3000 − 2500) + (356 × 2) = 1212
Оқиға: Қарахан мемлекетінің құлауы (1212).
5 балл
4-сайыс: «Ғалымдар айтады»
Тапсырма: мәтінді тыңдап, деректердің авторын анықтаңыз.
Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтқан кім?
Жауабы: В. В. Бартольд
Оғыздардың құрамында 24 тайпа болғаны туралы дерек қалдырған кім?
Жауабы: Махмұд Қашғари
Түркістан аймағында оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіргенін айтқан ғалым?
Жауабы: Ибн Хаукаль
Оғыздар мен қимақтар туралы: «шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп айтқан кім?
Жауабы: Әл-Идриси
Оғызнаманы XVII ғасырда толық жазып қалдырған хан?
Жауабы: Әбілғазы хан
Моңғол жеріндегі IX–XIII ғасырларда өмір сүрген керейлерді «күшті дамыған ел» деп бағалаған ғалым?
Жауабы: Рашид ад-Дин
5-сайыс: Шешендік сайыс
Алдын ала берілген тақырып бойынша капитандар арасында ой-толғау жарысы өтеді.
Тәуелсіздік — тұғырым
Маңызы, құндылығы, жауапкершілігі туралы ой қозғау.
Қазақ хандығына 550 жыл
Тарихи сабақтастық және мемлекеттілік идеясы.
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ерлік, тағзым және тарихи жады тақырыбы.
6-сайыс: Блиц-сұрақтар (I топ)
Тапсырма: сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет. | Түрік қағанаты |
| 2 | «Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында кездесе бастаған жыл. | 542 жыл |
| 3 | Бумын қаған қай оқиғадан кейін «ел-хан» атағын алып, Түрік қағаны болды? | Жужан қағанын жеңгеннен кейін |
| 4 | Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. | Мыңбұлақ |
| 5 | Батыс Түрік қағанатының астанасы. | Суяб |
| 6 | Батыстағы елдерді жаулап алуды көздеген Батыс Түрік қағаны. | Тон қаған |
| 7 | Тон қағанның басқару саласындағы реформасы. | Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды |
| 8 | Оғыздардың құрамындағы тайпалар саны. | 24 |
| 9 | Оғыздардың құрамында 24 тайпа бар екенін жазып қалдырған ғалым. | Махмұд Қашғари |
| 10 | Оғыздарда жабғудың мұрагерлері. | Инал |