Қатесін тап

Сабақ жоспары: «Азық-түлік дүкеніне жол»

Ойын элементтері арқылы білімді қорытындылап, жүйелеуге арналған саяхат-сабақ. Оқушылар топпен жұмыс істеп, тапсырмалар орындау арқылы қонақ кейіпкерге көмектеседі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

«Азық-түлік» тақырыбы бойынша білімді пысықтау, бұрын меңгерген сөздерді әртүрлі жағдаятта қолдануға үйрету, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Топтық оқу мәдениетін дамыту, жазбаша тапсырмаларды сауатты орындауға баулу, дүниетанымды кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3) Тәрбиелік

Қазақ тілі пәніне қызығушылықты арттыру, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі
Ойын элементтері арқылы қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Типі
Ойын-сабақ (саяхат).
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, жазбаша және ауызша жұмыстар, жеке, жұптық және топтық тапсырмалар.
Көрнекілігі
Сызбалар, тапсырма парақтары, жауапшалар, топ атаулары, Алдар көсе суреттері, бейдждер, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс
Тіл дамыту, орыс тілі, математика.

Топтарға бөлу

Сабақ барысында оқушылар үш топ болып жұмыс істейді. Әр аялдамадағы тапсырмаларды жылдам әрі қатесіз орындаған топ Алдар көсеге дүкенге тез жетуге көмектеседі.

  • 1-топ: «Қыран»
  • 2-топ: «Ұлан»
  • 3-топ: «Тұлпар»

Сабақтың сюжеттік желісі

Алдар көсе: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен жолымды жоғалтып алдым. Азық-түлік дүкеніне дейін жетуге көмектесесіңдер ме?»

Мұғалім: «Балалар, көмектесеміз бе? Ол үшін біз әр аялдамада тапсырма орындаймыз.»

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Қонақтармен амандасу.

Тіл дамытуға арналған сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Қыс айлары қандай?
  • Қазір қай ай?
  • Аптаның қай күні?
  • Ауа райы қандай?
  • Далада не жауып тұр?

Мұғалім сабақтың мақсаты мен жұмыстың орындалу тәртібін түсіндіреді, бүгінгі тақырыппен таныстырады: «Азық-түлік дүкеніне жол».

Аялдамалар маршруты

  1. 1. «Дыбыстар әлемінде»
  2. 2. «Қатесін тап»
  3. 3. «Демалайық»
  4. 4. «Түймедақ»
  5. 5. «Сұрақ-жауап»
  6. 6. «Сөйлесу»

1-аялдама: «Дыбыстар әлемінде»

Фонетикалық талдауға кіріспес бұрын сұрақтар арқылы ереже қайталанады:

  • Дыбыстар қандай топқа бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
  • Фонетикалық талдауды қалай жасаймыз?

Тапсырма

Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар:

  • шай
  • май
  • қант

2-аялдама: «Қатесін тап»

Әр топқа қате жазылған сөздер ұсынылады. Оқушылар дұрыс нұсқасын тауып, әріптерін түзетеді.

1-топ

  • дүкен
  • нән
  • суық
  • айран
  • жүзім

2-топ

  • қант
  • сүт
  • жұмсақ
  • кәмпит
  • тұз

3-топ

  • май
  • шұжық
  • қаймақ
  • қатты
  • ыстық

3-аялдама: «Демалайық»

Қысқа сергіту сәті: Ангелинамен бірге жаттығу жасау.

4-аялдама: «Түймедақ»

Үстелдегі сызба бойынша Алдар көсеге азық-түлік атауларын жазып, есіне түсіреміз.

«Сөре» сөздік қоры

нан сүт балық қант шұжық жұмыртқа айран қияр ірімшік ұн қаймақ

Мәре: сөздер толықтырылған соң келесі аялдамаға өтеміз.

5-аялдама: «Сұрақ-жауап»

Оқушылардың көмегімен дүкеннің алдына келдік. Есікті «ашу» үшін кілттегі сұрақтарға жауап береміз:

  • Дүкенде не бар?
  • Не қанша тұрады?
  • Кім не сатып алады?

6-аялдама: «Сөйлесу»

Енді Алдар көсеге керек азық-түлікті алып беру үшін сатушымен сөйлесеміз. Әр топтан бір жұп шығып, сатушы мен сатып алушы рөлін ойнайды.

Рөлдік диалог үлгісі

Сатып алушы: Сәлеметсіз бе?

Сатушы: Сәлеметсіз бе!

Сатып алушы: Мынау қандай дүкен?

Сатушы: Бұл азық-түлік дүкені. Не сатып аласыз?

Сатып алушы: Мен ірімшік, шай, сүт аламын.

Сатып алушы: Сүт қанша тұрады?

Сатушы: Бір литр сүт жүз теңге тұрады. Міне, алыңыз.

Сатып алушы: Рахмет! Сау болыңыз.

Қорытынды

Оқушылар бүгін белсенді жұмыс жасап, қонақ кейіпкерге көмектесті. Сабақты бекіту үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

  • Сабақтың тақырыбы қандай?
  • Сабаққа кім қонаққа келді?
  • Қандай азық-түліктерді білесіңдер?
  • Біз қайда бардық?
  • Дүкенде кіммен сөйлестік?

Бағалау және мадақтау

Әділқазылар (немесе мұғалім) әр топтың жұмысын бағалап, нәтижесін хабарлайды. Сабақ соңында оқушылар мадақталып, Алдар көсе алғыс айтады.