Аландаймын алтыным жоғалғандай, Анамның көрінбесе кимешегі
Мұқағали Мақатаев
Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің,
Сабағындай шырмайды шырмауықтың
Үмітпенен, арманмен, күдікпенен,
Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн.
... Шешем менің еңкейіп бара жатыр,
Қай күні келер екен нала батыр .
Жел маған сыбырлайды аят оқып:
Бір күні айрыласың, қара да тұр .
Кім білсін, көңіл, қандай күй кешеді,
Қаңырап қалуы оңай үй кешегі.
Аландаймын алтыным жоғалғандай,
Анамның көрінбесе кимешегі.
Шешем менің - иілген сұрау белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.
Қалай ғана қалпына келтірерсің,
Дауылдар майыстырған мынау белді.
Ұлың сені жұмаққа бергісі жоқ,
Жұмағың да тамұқ қой - көргісіз от.
Осылай көз алдымда жүре берші,
Сұраулы сөйлемдердің белгісі боп.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Ана - сарқылмайтын күш
Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет
Әйел киімдері
Ересектерге арналған киімдер
Кимешек - қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі
Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары
Бердібек Соқпақбаев Өлгендер қайтып келмейді романынан
Тез әкеліп алтынымды орнына қой
Анамның жүрегі күн шуағына, мейірімге толы
Менің анамның құшағы жылы
Анамның қолдары
Анам менің алтыным
Арманымның алғашқысы ата анамның бауырларымның туыстарымның амандығы
Болашағы баламның Жетісуым, Әлпештеген анамның алақаны
Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам