ІІІ деңгей
Павлодар қаласы
Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі
Пәні: Қазақ тілі · Сынып: 5 · Мұғалім: Шынаргүл Сағындыққызы
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Бұл сабақта оқушылар мақал-мәтелдердің мәнін түсініп, оларды ажыратып, талдап, сөйлеу тәжірибесінде орынды қолдануға дағдыланады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: мақал-мәтелдер туралы білімді тереңдету; салыстыру және ажырату дағдыларын дамыту; оқу мен талдау машықтарын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: ана тілін ардақтауға, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: логикалық ойлауды, ой дәлдігін дамыту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру; ізденіс арқылы шығармашылыққа баулу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Көрнекілік
- Проектор, кесте, тірек-сызба, суреттер.
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, іздендіру.
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, ағылшын тілі, бейнелеу өнері, математика.
- Сабақтың түрі
- Шығармашылық-ізденіс сабағы.
Психологиялық дайындық (шаттық шеңбері)
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей, жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
Үй тапсырмасын тексеру
«Ынта» тобы
- Тұрақты тіркес деген не?
- Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша қалай атаймыз?
«Жігер» тобы
Суреттер бойынша тұрақты тіркестерді табу: (қас, көз, құлақ, арасында; ит, күшік, сиыр, қиянда; бет, ауыз, мұрын, шықты; ай, жұлдыз, күн, туды)
- Қас пен көздің арасында — лезде, тез.
- Ит арқасы қиянда — алыс.
- Бетінен оты шықты — ұялу.
- Айы оңынан туды — жолы болды.
«Дарын» тобы
Кестені толтыру:
| Тұрақты тіркестер |
|---|
| Тілі шығу |
| Ит өлген жер |
| Таяқ тастам |
| Қоян жүрек |
Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы анықтаймыз. Бұл кезең оқушылардың қызығушылығын оятуға бағытталған.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
- Заттың атын білдіретін сөз табы.
- Жылқы пірі.
- Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздер.
- Қыстың бірінші айы.
- Балаға ең қымбат — ...
- Білім беретін мекеме.
- Бірнеше сөйлемнен құралып, негізгі ойды білдіреді.
- Көркем суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстырып бейнелеу.
- Сиыр пірі.
- Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
Қандай сөз шықты? «Мақал-мәтел». Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы — мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсатын оқушылар өздері тұжырымдайды. Әр топ постер арқылы тақырыпты түсіндіріп, қорғайды.
І кезең: «Білім инемен құдық қазғандай»
ІІІ деңгей: графикалық диктант
Оқушылар берілген жұптарды сәйкестендіреді (мақалдардың жалғасын табу):
| Басы | Жалғасы |
|---|---|
| Оқусыз білім жоқ | Білімсіз күнің жоқ |
| Бірлігі күшті ел озады | Бірлігі жоқ ел тозады |
| Өз білмегеніңді кісіден сұра | Үлкен жоқ болса, кішіден сұра |
| Тіліңмен жүгірме | Алысқа қарайды |
| Әдепті бала — арлы бала | Әдепсіз бала — сорлы бала |
| Жақсы туса — ел ырысы | Жаңбыр жауса — жер ырысы |
| Жан қиналмай жұмыс бітпес | Талап қылмай мұратқа жетпес |
| Адам болатын бала | Біліммен жүгіреді |
ІІ деңгей: баламасын тұрақты тіркеспен жаз
Хабарласпау — Ат ізін салмау.
Жуас — Қой аузынан шөп алмас.
Ренжісу — Қырғи қабақ болу.
Әдемі — Үріп ауызға салғандай.
Қуану — Екі езуі құлағына жету.
Жек көру — Ала көзімен ату.
Ұялу — Жер болу.
Сөйлемеу — Жұмған аузын ашпау.
Ашушаң — Көк айыл.
Қатігез — Тасжүрек.
І деңгей: мақал-мәтелді толықтыр және екі тілге аудар
| Мақал-мәтел | Кілт сөз | Орысша | English |
|---|---|---|---|
| Туған жерге ... тік. | туың | флаг | flag |
| ... жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар. | дос | друг | friend |
| Өнер алды ... тіл. | қызыл | красный | red |
| ... жігіт жол бастар. | батыр | герой | hero |
| ... кепілі — тазалық. | денсаулық | здоровье | health |
ІІ кезең: «Өнер — ағып жатқан бұлақ, білім — жанып жатқан шырақ»
ІІІ деңгей: сөз құрамына талдау
Берілген сөзге сөз құрамына талдау жасау: Елбасымызды.
ІІ деңгей: фонетикалық талдау
- Мұғалім
- Әліппе
І деңгей: морфологиялық талдау
«Зат есімге сатылай кешенді талдау» жасау: Алатау, балалық.
ІІІ кезең: «Сөз асылы — мақал»
ІІІ деңгей: семантикалық карта
Берілген мысалдарды төмендегі ұғымдармен сәйкестендір: мақал, мәтел, табу, тұрақты тіркес, эвфемизм, дисфемизм.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.
Дәукеннің баласы ұры, өсекші, боқмұрын.
Кәрі түлкі қақпанға түспес.
Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.
Алдар көсе байларды алдау мақсатында өз жанынан қосып айтады.
Аудан мен ауылдың арасы таяқ тастам жер.
Қорытынды акцент
Сабақтың өзегі — мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін таныту, тілдік қорды байыту және ойды дәл, көркем жеткізуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар оқушыны ізденуге, салыстыруға, талдауға және шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.