Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру және дамыту
Сабақ туралы мәлімет
Бағдарлама
Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгей
Сынып
7-сынып
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың типі
Жұптық және топтық жұмыс
Сабақтың тақырыбы
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Мақсаттар
Бұл сабақта оқушылар Архимед күшінің мәнін түсініп, денелердің жүзу шарттарын тәжірибе арқылы дәлелдеуге бағытталған тапсырмалар орындайды.
Білімділік мақсат
- Архимед күшін және денелердің жүзу шарттарын түсіндіру.
- Жүзудің дене мен сұйықтың тығыздығына тәуелді екенін нақтылау.
- Тәжірибе қою дағдыларын және практикалық іскерліктерді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру және дамыту.
- Бақылау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
- Топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
- Ойды тұжырымдап, шапшаң әрі жинақы жеткізуге үйрету.
- Бір-бірін сыйлауға және өзара қолдауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен материалдар
Көрнекілігі
- Тығыздықтар кестесі.
- Суреттер мен кестелер (керосин, бензин, глицерин).
- Әр оқушыға: суы бар ыдыс, динамометр, денелер мен жүк жиынтығы.
- Кіші алюминий, мұз, тығын.
- Табақша, картоп, тұзды су.
- Карточкалар, пластилин шарик, топ атауы жазылған плакат.
Құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта.
- Ақ қағаз парақтары.
- Фломастерлер және маркерлер.
Пайдаланылатын әдебиеттер
- 7-сыныпқа арналған «Физика және астрономия» оқулығы.
- Электронды оқулық.
- Есептер жинағы.