Баяндама Күллі ғажайыптың ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білі беру Тұжырымдамасында

Баяндама

Күллі ғажайыптың ең тамашасы — жақсы тәрбиеленген адам.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында 12 жылдық білім берудің басты мақсаты нақты көрсетілген: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: мектеп түлегінің негізгі құзыреттіліктері

Аталған Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзыреттіліктері арқылы айқындалатыны да белгіленген.

  • Құндылықты-бағдарлы

    Жеке ұстаным мен өмірлік бағытты құндылықтармен негіздеу.

  • Мәдениеттанымдық

    Мәдени кеңістікте бағдар табу, рухани-адамгершілік негізді нығайту.

  • Оқу-танымдық

    Өздігінен оқу, мақсат қою, нәтиже үшін жауапкершілік алу.

  • Коммуникативтік

    Тиімді қарым-қатынас орнату, пікір алмасу және ынтымақтастық.

  • Ақпараттық-технологиялық

    Ақпаратты талдау, цифрлық құралдарды сауатты қолдану.

  • Әлеуметтік-еңбек

    Қоғамдық өмірге қатысу, еңбек мәдениеті мен жауапкершілік.

  • Тұлғаның өзін-өзі дамыту

    Өзін тану, мақсатты дамыту, өмір бойы үйренуге дайын болу.

12 жылдық оқытуға көшудің мәні

12 жылдық оқытуға көшу қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Оның мәні — шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық модельді дамыту, жалпыға арналған білім үлгісінен таңдауы бойынша білім алу үлгісіне сапалы көшу, әрі әлемдік білім беру кеңістігіне ену үдерісін жеделдету.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында білім беру құрылымы оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің өзара байланысын сақтап, әр жас кезеңінде оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне сай қамтамасыз етуге тиіс. Бұл — еліміздің білім саясатындағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадам.

Түйін

Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге әр азамат өз құзыреттілігіне сай үлес қоссақ, ұлттық рухымыз биіктеп, рухани санамыз жаңарып, тың идеялар туындайтын парасатты орта қалыптасады.

Жаңа формациядағы мектептің негізгі сұрақтары

Бүгінгі күн талабына сай мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшудің ерекшелігі — 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, жаңа қоғамдық формация жағдайында мектеп пен мұғалімнің алдына қойылатын негізгі мәселелердің айқындалуында.

Оқытуға қалай үйретеміз?

Оқушыны білімді дайын күйінде қабылдаушы емес, оны меңгерудің тәсілдерін игеруші тұлға ретінде қалыптастыру.

Ойлауға қалай үйретеміз?

Салыстыру, талдау, дәлелдеу, қорытынды жасау дағдыларын жүйелі дамыту.

Өз өмірінің менеджері болуға қалай үйретеміз?

Жеке мақсат қою, уақытты басқару, жауапкершілік алу және шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Оқытудағы екі бағыт

  1. Оқушының қабілетін ескере отырып, жеке-даралық бағытта оқыту.
  2. Оқушының әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту.

Мұғалім тұлғасы: білім мен тәрбиенің бірлігі

Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің айтуынша, мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймай, сонымен қатар адал, әділетті, шыншыл тәрбиеші болуы керек. Демек, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруы қажет.

Эксперименттік сынып және сынып жетекшісінің ерекше орны

12 жылдық оқытуға көшу барысында эксперименттік сыныптың контингентін жан-жақты танып білу, оқушылардың көңіл күйіне жүйелі бақылау жүргізу, осы сыныпта жұмыс істейтін басқа экспериментатор мұғалімдермен тығыз байланыста болу маңызды. Сондай-ақ нақты жағдайларға сүйене отырып, эксперименттің мақсат-міндеттерін оқушылардың ата-аналарына түсінікті түрде жеткізу қажет.

Сынып жетекшісі кім?

Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде сынып жетекшісінің орны бөлек. Ол — балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы дәнекер әрі сарапшы. Сондықтан сынып жетекшісі — ерекше тұлға.

  • Байланыстырушы

    Ата-ана, оқушы және пән мұғалімдерін бір арнаға тоғыстырады.

  • Басқарушы және бақылаушы

    Қарым-қатынасты реттеп, сынып өмірінің үйлесімін сақтайды.

  • Кеңесші

    Оқушы мен ата-анаға нақты қолдау көрсетеді.

  • Тәрбиелеуші тұлға

    Бала психологиясын түсініп, адам болуға үйретеді.

Мұғалімнің де, сынып жетекшісінің де еңбегін мәнділігі бойынша өзге ешбір еңбекпен салыстыру қиын, өйткені бұл еңбектің нәтижесі — адам. Ең жауапты да негізгі міндеттерді атқаратын сынып жетекшісіне отбасы мен қоғам ең қымбат қазынасын — ел азаматтарының тағдырын сеніп тапсырады.

Ата-анамен жұмыс: педагогикалық серіктестік

Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды жиі өткізеді. Оның мақсаты — ата-аналарды нақты педагогикалық біліммен қаруландыру, отбасында бала тәрбиелеудің озық тәжірибесімен таныстыру.

Ата-аналар өз баласының жан дүниесін терең түсініп, отбасында дұрыс әрі тиімді тәрбиелік орта қалыптастыру үшін бала тәрбиесіне қатысты білімдері мен біліктерін үнемі жетілдіру қажеттігін саналы түрде түсінуі тиіс. Осыған байланысты мектеп пен сынып жетекшісі ата-аналармен жүйелі педагогикалық жұмыс жүргізіп, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруға міндетті.