Жаяу Мұса кім

Сабақтың тақырыбы

Абай салған сырлы әндер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы орны және әндерінің ерекшелігі туралы білімді тереңдету.

Дамытушылық

Музыкалық сөз қорын байыту; музыканы тыңдап, түсіне білуге, ән айту қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету.

Тәрбиелік

Абай мұрасын құрметтеуге баулу; өнерлі, білімді, талғамы жоғары азамат тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық-адамгершілік тәрбие беру.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Өзгерген (аралас) сабақ

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • «Кезбе тілші» әдісі
  • Бағалау түрлері (смайлик, бағдаршам, бармақ)
  • АКТ қолдану
  • Плакаттармен жұмыс
  • Шығармашылыққа баулу
  • «Тұлғаны тану» ойыны

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, дүниетану, бейнелеу өнері

Көрнекіліктер

Слайдтар, жеке суреттер, плакаттар, музыкалық аспап, әртүрлі сұрақ түрлері.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Топқа бөліну: қима қағаздар арқылы «Біржан сал», «Ақан сері», «Жаяу Мұса» топтары құрылады.
  • Топтық тапсырмалар беріледі, постер қорғалады.

I топ — «Ақан сері»

Ақан сері кім? Әндерін атаңдар.

II топ — «Біржан сал»

Біржан сал кім? Әндерін атаңдар.

III топ — «Жаяу Мұса»

Жаяу Мұса кім? «Ақ сиса» әні не туралы?

Әр топтан «Кезбе тілшілер» интернеттен алынған мәліметпен жауапты толықтырады. Оқушылар бірін-бірі смайлик арқылы бағалап, өз ойларын ортаға салады.

II. Жаңа сабаққа кіріспе (слайд №1)

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері тыңдалып, жауаптары жүйеленеді.

Сұрақ 1

Қазақ ғарышкерлерін атаңдар.

Сұрақ 2

Қазақстанда ғарыш кемелері қай жерден ұшырылады?

III. Мұғалімнің түсіндіруі (слайд №2)

Талғат Мұсабаевтың ғарыш кеңістігінен жолдаған сәлемі ұсынылады.

Музыка тыңдау: Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдау және орындау.

Негізгі идея

Абай әндерінің әуезділігі мен мағыналық тереңдігін тыңдау арқылы сезіну, көркем мәтін мен музыкалық тілдің байланысын түсіну.

IV. Абай туралы мәлімет (слайд №3)

Слайдта Абай туралы деректер, суреттері және әндерінің атаулары көрсетіледі.

V. Сергіту сәті

«Қара жорға» биі қимыл-қозғалыс арқылы орындалады.

VI. Топтық жұмыс

Әр топқа тапсырмалар таратылады. Бағалау: «бағдаршам» және «бармақ» әдістері.

I топ

  • Қазақ ғарышкерлерін атаңдар.
  • Ғарышта қандай ән шырқалды?

II топ — сәйкестендіру

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі жарасы

Ғашықтық тек бір қана

III топ

  • Абай кім?
  • Қандай әндерін білесіңдер? Атаңдар.

VII. Рефлексия және қорытынды

  • Оқушылар кері байланыс береді, өз түсінігін жинақтайды.
  • Мұғалім сабақты қорытындылайды.
  • «Тұлғаны тану» ойыны ойнатылады.

Үй тапсырмасы

Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің шумақтарын жаттау.