Балаларда жеке - жеке қандай орталықта болғанын, қай орталықпен жұмыс ұнағаны туралы сұрау
Тақырыбы
«Бір уыс мақта»
Мақсаты
- Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру, әңгімелеу арқылы ойы мен қиялын дамыту.
- Әңгіме жанрларын ажыратуға үйрету, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
- Шапанға ою-өрнек салуға жаттықтыру; сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
- Жұмыстың нәтижесіне жете білуге, әсемдікке мән беруге, көркемдік талғамды дамытуға тәрбиелеу.
- Көріп есте сақтауын дамыту, сөйлеу белсенділігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- Ы. Алтынсариннің портреті
- Қуыршақтар (ана мен қыз)
- Әңгіме желісі бойынша суреттер
- Карточкалар
Қажетті құрал-жабдықтар
- Бояулар
- Мақта таяқшалары
- Сүрткіштер
- Су құйғыш
- Қағаз
Сөздік жұмыс
«Күн өтпей жатып»
Бір күннің ішінде болған оқиғаны білдіреді.
«Шапан»
Ер адамның сырт киімі, ұлттық киім үлгісі.
Ою-өрнек атаулары
Ұлттық сәндік өрнектердің түрлері мен қолданылуын еске түсіру.
Билингвальды компонент
- мақта
- вата
- ана
- мама
- торғай
- воробей
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері. Балалар өлең жолдарын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтып көреді.
Өзі аппақ қардай,
Жұмсақтығы мамықтай.
Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық кезең
Мақта туралы Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты қызықты әңгімесімен танысамыз. Ы. Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы және этнограф.
Сұрақ
«Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім біледі? Айтып беріңдер.
Балалар өлеңді кезекпен жатқа айтады.
Әңгіме мазмұнын түсіндіру
Тәрбиеші балаларға «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын әңгімелеп береді, негізгі ойына назар аударады.
Әдебиет орталығы
Әңгімені қуыршақтар арқылы сахналап, мазмұнын жақын танып, бірлесіп әңгімелейміз.
Өнер орталығы
Атаға арналған шапанды «бота мойын» ою-өрнегімен мақта таяқшасы арқылы өрнектейміз.
Үлгі тақтада көрсетіліп, кезең-кезеңімен түсіндіріледі.
Үстел үсті ойыны орталығы
«Кім зерек?» дидактикалық ойыны.
Шарты: берілген суреттерді әңгіме желісі бойынша өз орнына дұрыс орналастыру.
Ұйымдастыру
Балалар өздері таңдаған орталықтың карточкасын алып, топтарға бөлінеді де, орталықтар бойынша жұмысқа кіріседі.
Сұрақ-жауап
- Кішкентай қыз не істеп отырды?
- Анасы қызына қандай ақыл айтты?
- Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?
- Оны не алып кетті?
- Құс мақтаны не үшін алып кетті?
Талқылау
Балалардан қай орталықта болғанын және қай жұмыс түрі көбірек ұнағанын жеке-жеке сұрау.
Жұмыстарды бағалау
Салынған суреттерді тақтаға іліп, балалар өздеріне ұнаған суретті таңдап, несімен ұнағанын айтып береді.
Рефлексиялық кезең
Қорытынды: қуанышты хабарлама таратылады, мәтіні дауыстап оқылады.
Мадақтау
Балалардың белсенділігі мен шығармашылығына қарай қолдау сөздер айтылады.
Күтілетін нәтиже
Түсінеді
«Бір уыс мақтаның» да пайдасы бар екенін.
Орындайды
Ата-ананың айтқанын тыңдау керектігін.
Қолданады
Кез келген заттың керегі болуы мүмкін екенін өмірмен байланыстыра біледі.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Диханбаева Гүлімхан Жақсылыққызы