Астана қаласы. Сабақтың тақырыбы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып / Пән
Сыныбы: 0
Пәні: Математика
Тақырып
10 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды 10 саны және цифрымен таныстыру, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін түсіндіру. 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайтуға үйрету.
Дамытушылық
Ой-қиялын, математикалық тілін және дүниетанымын дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіру. Саусақтың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік
Таза әрі ұқыпты жазуға, жұптық және жеке жұмыстарда ынтымақтаса әрекет етуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік
- Әңгімелеу
- Көркем сөз
- Ойын
- Топтық, жұптық және жеке жұмыстар
Пәнаралық байланыс
Сауат ашу, айналамен танысу, ағылшын тілі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқу құралдарын дайындату
Оқушылардың дәптері, қаламы және қажетті оқу құралдары толық дайындалады.
2) Психологиялық дайындық
Балалар:
Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Қазақстан — еліміз!
Елін сүйіп ер жетер,
Біз — болашақ гүліміз.
Мұғалімнің сөзі
Иә, балалар, сіздер — еліміздің болашағысыздар. Егеменді еліміздің туын берік ұстау үшін біз қандай болуымыз керек?
Балалардың жауабы
Әдепті, ақылды, сабырлы, білімді болуымыз керек.
Сабаққа кіріспе
Ендеше, математикалық білімімізді толықтыру үшін математика сабағымызды бастайық.
Сұрақ-жауап
Мұғалім: Математика сабағында нелерді үйренеміз?
Балалар: Санауды, сандарды, есеп шығаруды.
Бүгінгі сабақ ерекше: сыныпқа қонақтар келіп отыр. Біз тек сандармен танысып қана қоймай, еліміздің астанасындағы әсем ғимаратқа ойша саяхат жасаймыз.
Алда келе жатқан мереке
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні
Түсіндіру
Тәуелсіздік күні — өз туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз қайта жаңғырып, тіліміз бен дініміздің еңсесі көтерілген тарихи күн.
Мұғалім: Егеменді еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы.
Мұғалім: Астанаға немен барамыз?
Хормен: Пойызбен барамыз.
Ендеше, пойызға мініп, әр вагондағы тапсырмаларды орындап отырайық.
II. Өткен материалды қайталау
1) «Пойыз құрастыр» ойыны
ҚайталауОқушылар тапсырмалар арқылы пойыз вагондарын құрастырады. Әр қадамда 10 саны мен цифрына байланысты сұрақтар мен шағын есептер орындалады.
Негізгі ұғым
10 саны — екі таңбалы сан; оның құрамы мен ерекшеліктері тәжірибе арқылы бекітіледі.