Балалар бүгінгі сабағымыз АРТ терапия соның ішінде сурет салу терапиясы

АРТ-терапияның мақсаты

Бұл сабақтың басты мақсаты — балаларға арт-терапия туралы түсінік беру, сурет салу терапиясын тәжірибеде орындау және әсемдікті, мейірімділік пен достық ұғымын сезінуге тәрбиелеу.

Негізгі міндеттер

  • АРТ-терапияның мәнін түсіндіру.
  • Сурет салу арқылы баланың өзін-өзі тануына қолдау көрсету.
  • Достық, қамқорлық, ізет сияқты құндылықтарды бекіту.

АРТ-терапия туралы түсінік

Қазіргі таңда арт-терапия — психотерапияның маңызды бағыттарының бірі. Ол дамып келе жатқан заманауи әдістердің қатарына жатады және тәжірибеде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Алғашында арт-терапия көбіне ауруханаларда немесе сауықтыру орындарында емделушілерге қолданылған болса, бүгінде оның қолданылу аясы едәуір кеңейді. Бұл тәсіл адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға ғана емес, сондай-ақ ішкі мүмкіндіктерін танып, қабілетін ашуға көмектеседі.

Бейнелеу терапиясы: не үшін қажет?

Бейнелеу терапиясының негізгі мақсаты — бала (немесе ересек адам) қандай әрекетті таңдаса да, оның өзін-өзі тануына және өз ішкі әлемінде еркін болуына демеу беру. Сурет салу — ересектің көмегінсіз жүзеге асатын ең күшті өзін білдіру тәсілдерінің бірі. Ол баланың ішкі сезімін танып, өз эмоциясын қауіпсіз түрде шығаруға мүмкіндік береді.

Балалардың эмоциясын сурет арқылы көрсету

Балалардың сезімін сурет арқылы бейнелеу тәсілдері шектеусіз. Көп бала бояуға қолын малып, қағаз бетіне із қалдыруды ұнатады — бұл олардың сезімін тікелей, еркін жеткізуіне көмектеседі.

Бала түстерді өзінің көңіл күйіне қарай таңдайды. Түстер сезімнің күйін бейнелейді және кейде қателесуден немесе сәтсіздіктен қорқуды жеңуге көмектесетін ішкі тірекке айналады.

Тренинг барысы

1) Сәлемдесу жаттығуы

Білер қазақ баласы, Сәлем — сөздің анасы. Топқа келген қонақтарға Әрдайым әдеппен, Ақ көңілмен, ізетпен Біздер сәлем береміз.

Балалар келген қонақтармен үш тілде амандасады.

2) Таныстыру және жылы лебіз

Әр бала өз есімін айтып танысады. Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне жылы сөз айтады.

  • Мысалы: «Рамина, бүгін сен өте әдемісің».
  • «Төражан, саған денсаулық тілеймін».

3) Қыс мезгілі туралы сұрақтар

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс айларын кім айтады?
  • Қыста күн қандай болады?
  • Қыста не жауады?
  • Адамдар қандай киім киеді?
  • Қыста қандай ойындар ойнағанды ұнатасыңдар?

Дыбыс жаттығуы

Қыста аяз болып, қатты жел тұрған кезде қандай дыбысты естиміз? Барлығымыз бірге қайталайық:

Дыбыс: У-У-У-У

4) «Достық» ұғымын түсіндіру

Достық — адамның сан қырлы, көп бояулы қасиеті. Сондықтан оған бір ғана анықтама беру қиын. Достықтың түрлері көп: адал достық, шынайы достық және т.б.

Дос болу үшін ең алдымен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйренеміз. Дос қандай болуы керек?

ақылды сенімді қамқор қайырымды көмекшіл ұқыпты

Суретте балалар бір-бірімен тату ойнап жүр. Сендер де бір-біріңмен доссыңдар ма? Әрқайсың сурет бойынша өз ойыңды айтып көр.

5) Релаксация: «Қысқы серуен»

  1. 1. Ыңғайлы отырып (немесе тұрып), көзімізді жұмамыз.
  2. 2. Аяғымызды және денемізді толықтай бос ұстаймыз.
  3. 3. Үш рет терең дем аламыз.
  4. 4. Енді өзімізді керемет қысқы ауада серуендеп жүрміз деп елестетеміз: айнала аппақ, қар жауып тұр, күн жылы.
  5. 5. Балалар тату болып аққала жасап жүр. Сендер де қосылып, әдемі аққала жасадыңдар.
  6. 6. Енді көзімізді ашамыз.

6) Сурет салу терапиясы: дәстүрден тыс тәсіл

Бүгінгі жұмыс — арт-терапияның бір түрі: бейнелеу (сурет салу) терапиясы. Дәстүрден тыс әдісті қолданып, әркім өз қалауы бойынша қыс мезгілін, аққаланы немесе қарды бейнелейді.

Тапсырма

Шыны бетіне тіс пастасымен, мақталы таяқшаны пайдаланып сурет саламыз.

Соңында балалардың жұмысы мадақталып, әр суреттің ерекше тұсы атап өтіледі.

7) Сергіту сәті

Мынау біздің аққала, Айнымаған ақ бала. Мұрны сәбіз сорайған, Көзі көмір қап-қара. Сыпырғышы қолында, Тұр ылғи бір орында.

8) Би терапиясы

Балалар әуен ырғағымен билеп, көңіл күйін сергітеді.

Қорытынды және қоштасу

Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгін қандай жаңалық білдіңдер?

Жүрекке бекіту сөзі

Енді қолымызды жүрек тұсына қойып, бірге айтайық: «Біз бүгін үйренген барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз».

Қоштасу.