Пікір талас
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сынып
- 3-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- «Көксерек»
- Сілтеме
- Мұхтар Әуезов. 3-сынып оқулығы. Слайдтар мен презентация материалдары.
Жалпы мақсат
«Көксерек» фильмі мен әңгімені салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін ажырату, оқушылардың талдау және пікір білдіру дағдыларын дамыту.
Міндеттер
- 1 Оқушылардың қызығушылығын ояту.
- 2 Жаңа тақырыпқа оқушылардың бар білімі арқылы кіру.
- 3 Өздігінен оқу, өзара оқыту және сыни ойлау арқылы әр оқушыны үдеріске тарту.
- 4 Жаңа сабақ бойынша ой қорытуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже
- Қасқыр туралы бастапқы түсінік қалыптастырып, білімнің іргетасын қалау.
- Жаңа теориялық ақпарат арқылы жаңа тақырыптың басталғанын сезіндіру.
- Жаңа білімнің өмірмен байланысын түсіндіріп, қызығушылықты күшейту.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
- Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы тақырыпты меңгерту.
- Мұғалімнің оқу үдерісін бағыттап отыруы.
- Өзін-өзі және өзара бағалауға мүмкіндік жасау.
Сабақтағы негізгі идеялар
Тәжірибеге сүйену
Оқушының өмірлік тәжірибесіне, бұрыннан білетініне сүйене отырып жаңа мазмұнды ашу.
Жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру
Теориялық ақпарат арқылы оқушының ойлау мәнерін, тәсілін, талдау амалдарын дамыту.
Дереккөздер мен материалдар
Оқулық
5-сынып «Әдебиет» оқулығы, 224–226-беттер.
Бейнематериал
«Көксерек» фильмі (интернет дереккөзінен алынған үзінді).
1-сабақ: «Көксерек» туралы ұғым
Негізгі мазмұн
- Қасқыр туралы ұғым, басқа аңдардан ерекшелігі.
- Қасқырды қолға ұстаудың мақсаты.
- Қасқыр мен итті жиі шатастыру себептері.
- Қасқырдың иттен айырмашылығын анықтау.
Сабақтың маңызын ашатын сұрақтар
- Оқушы бұл сабақтан не алады?
- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- Өмірлік тәжірибесінің әсері қандай?
- Болашақта қандай пайдасы болады?
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу.
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары арқылы ой қозғау.
I. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы
«Еліміз қандай мемлекеттермен көршілес?» тақырыбы бойынша көрші елдерді жазу.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Өлең шығаратын адам.
- Қазақ әдебиетінің атасы.
- Кісі есімі.
- Абайдың әкесі.
- Ұлттық ойын ойнайтын құрал.
- «Көксерек» әңгімесін жазған жазушы.
Фильм үзіндісімен жұмыс
Сұрақ: «Көксерек» фильмінен үзінді көрейік. Үзіндіде не туралы айтылды?
Тапсырма: Оқушылардың пікірін тыңдау, ойды дәлелдету.
Сұрақ: Авторы кім? (Топтан 1 оқушы шығып қорғайды.)
Сұрақ: Құрмаш неге қорқа бастады?
Сыни ойлауды қолдау
- Еркін ой айтуға мүмкіндік беру.
- Өздігінен ізденуге бағыттау.
- «Әрі қарай не болады?» деген қызығушылық тудыру.
- Білімнің өмірдегі қолданылуын көрсету.
- Ақпаратты жүйелеуге үйрету.
II. Мағынаны тану
Ой шақыру
«Қасқыр туралы не білесіңдер?» Ойларыңды ортаға салып, қағазға түсіріңдер.
Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жасап, негізгі ойды табу, дәлел келтіру.
Пікірталас
Сұрақ: Қасқырды үйде ұстауға бола ма? Егер болса — не үшін? Неге?
«Иә» дейтіндер
Екі дәлел келтіреді.
«Жоқ» дейтіндер
Қарсы дәлелмен теріске шығарады.
Сергіту сәті
Қасқыр түсті қақпанға,
Жортып келе жатқанда.
«Аяғым!» деп бақырды,
Туыстарын шақырды.
Шығармашылық тапсырма
- Кластер құру.
- Құрмашқа мінездеме беру.
III. Ой қорыту (рефлексия)
Сұрақтар арқылы қорытындылау
- Бүгін біз не туралы өттік?
- Сабақтың тақырыбы қандай болды?
Оқушылардың пікірін тыңдап, сыныппен ақылдаса отырып ортақ тақырыпты нақтылаймыз.
Бекіту
«Көксерек» тақырыбын слайд арқылы қайта шығарып, сабақтың негізгі ұғымдарын жинақтаймыз.
Бағалау
Бағалау түрлері
- Өзін-өзі бағалау.
- Топтық өзін-өзі бағалау.
- Мұғалімнің бағалауы.
- Критерийлер арқылы бағалау.
Уақыты
Өзін-өзі және өзара бағалау парағы арқылы — шамамен 2 минут.
Үй тапсырмасы
«Егер мен Құрмаштың орнында болсам…» тақырыбына ойтолғау жазу.
Мұғалімнің рефлексиясы
Сабақ өткізу барысында көздеген мақсаттарыма жеттім. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
Байқаған кемшілігім: тапсырма немесе сұрақ қойған кезде бір нұсқауды бірнеше рет қайталап айтып қойдым. Келешекте осы қателікті ескеріп, нұсқауды қысқа әрі нақты беруге дағдыланамын.
Топқа бөлу тәсілі
Оқушыларды «1» және «2» деп санау арқылы топтарға бөлдім. Қажет жағдайда топ құрамын білім деңгейі, өз қалауы және өзара үйрету қағидасы бойынша да құруға болады.