Оңтүстік Шығыс жағалауы көтеріңкі
Автор және сабақ туралы
Өңір
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Білім беру ұйымы
Жаңақорған аграрлық-технологиялық колледжі
Пән мұғалімі
Тарих-география пәнінің мұғалімі — Ибадуллаев Махамбетхали
Тақырыбы
География шыңы
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Мақсаты
- География сабағында оқушылардың тапқырлығы мен алғырлығын анықтау.
- Пәнге деген қызығушылықты арттыру.
- Топпен жұмыс арқылы өз бетінше іздену қабілетін дамыту.
Негізгі қағида
«География шыңы» сайысының басты шарты — студенттердің әрекет жылдамдығын және ой ұшқырлығын талап ету. Ендеше, интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.
I тур: Географиялық деректер мен рекордтар
Тек бір елмен шектесетін мемлекеттер
Лесото, Ватикан және Сан-Марино — тек бір ғана елмен шектесетін мемлекеттер. Лесотоны толықтай Оңтүстік Африка Республикасы қоршайды, ал Ватикан мен Сан-Мариноны түгелімен Италия қоршап жатыр.
Ең суық және ең жылы теңіз
Ресейдегі Ақ теңіз — су температурасы ең төмен теңіздердің бірі: бар болғаны −2 °C. Ал Парсы шығанағы ең жылы теңіз ретінде белгілі: жазда су температурасы 35,6 °C-қа дейін көтеріледі.
Ең ұзын географиялық атаулар
Жаңа Зеландия
Taumatawhakatangihangakoauauotamateaturipukakapikimaungahoronukupokaiwhenuakitanatahu
Бұл атау (84 әріп) маори тілінен аударғанда шамамен: «Үлкен тізелі еркек Таметея сүйіктісіне флейтада ойнап отырып, осы төбеде болған оқиғаларды еске алған орын» деген мағына береді. Бір кезеңде бұл атау ең ұзыны ретінде танылған.
Таиланд
Krung thep mahanakhon bovorn ratanakosin mahintharayutthaya mahadilok pop noparatratchathani burirom udomratchanivetmahasathan amornpiman avatarnsathit sakkathattiya visnukarmprasit
Бұл 163 әріптен тұратын поэтикалық атау — Таиланд астанасы Бангкоктың кеңейтілген тарихи атауы.
Сан-Марино: ең көне конституциялық мемлекет
Сан-Марино әлемдегі ең көне конституциялық мемлекеттердің бірі ретінде аталады. Елдің негізі 301 жылы қаланып, оны Диоклетиан императорынан қашқан тас қалаушы құрған деген дерек бар. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданған.
Адамзат қазған ең терең ойық
Адамзат қазған ең терең ұңғыма — Ресейдегі Кола аса терең ұңғымасы. Тереңдігі 12 262 метр. Ол ғылыми зерттеулер үшін қазылып, нәтижесінде бірқатар маңызды ғылыми деректер алынған.
II тур: Жасырын сұрақтар (ұпайлық ойын)
Ереже
- Алдарыңызда 4 сұрақ жасырылған. Екі топ сұрақтарды кезекпен таңдайды.
- Әр сұрақтың бастапқы құны — 500 ұпай.
- Бірінші топ білмесе, жауап беру құқығы екінші топқа өтеді.
- Екі топ та жауап бере алмаса, 3 көмек ұсынылады.
- Әр көмек сайын ұпай 500-ден 100-ге азаяды.
I сұрақ
Шыңғыс ханның алтын ерінің құрметіне қойылған жер қалай аталады?
Дұрыс жауап: Алтынемел (500 ұпай)
- 1 көмек: Алматы облысы, Кербұлақ ауданында орналасқан. (400 ұпай)
- 2 көмек: Бұл жерде ғалым Шоқан Уәлихановтың зираты бар. (300 ұпай)
- 3 көмек: Дәл осы мекенде 1996 жылы ұлттық саябақ ашылған. (200 ұпай)
II сұрақ
Дала зонасы саванналардан оңтүстікке қарай жалғасып, субтропиктік далаларға ұласады. Мұны Оңтүстік Америкада қалай атайды?
Дұрыс жауап: Пампа (500 ұпай)
- 1 көмек: Үндіс тілінен аударғанда «ағаштары жоқ кеңістік» дегенді білдіреді. (400 ұпай)
- 2 көмек: Дала өсімдіктерінен әртүрлі шөптер, соның ішінде бетеге өседі. (300 ұпай)
- 3 көмек: Жазықта жүйрік жануарлар, құстардан нанду түйеқұсы кездеседі. (200 ұпай)
III сұрақ
Батыс Қазақстан облысындағы Ақсоғым ауылының шығыс жағында орналасқан, ауылдан 25–30 шақырым қашықтықтағы қамысы мол, балыққа бай үлкен көл қалай аталады?
Дұрыс жауап: Шалқар (500 ұпай)
- 1 көмек: Құстардан бірқазан, аққу, қаз, үйрек өте көп. (400 ұпай)
- 2 көмек: Бұл — Батыс Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, тереңдігі 18 м. (300 ұпай)
- 3 көмек: Көлге шығыс беттен Есен Аққаты және Шолақ Аққаты өзендері құяды. (200 ұпай)
IV сұрақ
Бұл көл Батыс және Шығыс бөлікке бөлінеді: батысы кең әрі таяз, шығысы енсіздеу және салыстырмалы түрде терең. Климаттың континенттілігіне байланысты қыста суы салқындап, жазда жылынады. Бұл сипаттама қай көлге тән?
Дұрыс жауап: Балқаш (500 ұпай)
- 1 көмек: Кәсіптік маңызы бар балықтардың 20-дан астам түрі бар; терісі бағалы ондатр жерсіндірілген. (400 ұпай)
- 2 көмек: Ш. Уәлиханов көл жағалауының ерекшеліктерін сипаттап, оңтүстік-шығыс жағалауда қамыс көп өсетінін атап өткен. (300 ұпай)
- 3 көмек: Көлге Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері құяды. (200 ұпай)
III тур: Тапсырмалар (анаграмма және есеп)
Ереже
- Бұл турда 4 тапсырма болады: оның екеуі — анаграмма, екеуі — математикалық есеп.
- Алайда 4 тапсырманың тек екеуі ғана орындалады: әр топ бір тапсырмадан таңдайды.
- Ұпай мөлшерін топтар өздері жасырын түрде таңдап, үстел шетіне қояды.
- Жауап қате болса, жасырған ұпай шегеріледі.
- Сұрақты топтар кезекпен таңдайды, бірақ тапсырма берілген сәтте екі топ та қатар ойланып, жауаптарын қағазға жазып көрсетеді.