Балаларды мадақтау, сабаққа белсенді қатысқан балаларды атау

Сауат ашу сабағы

Бұл сабақ жоспары оқушыларды Қ дыбысымен таныстыруға, дыбыстық талдау жасауға және сөздерді буынға бөлуге үйретуге бағытталған. Сонымен қатар ойлау, есте сақтау, тіл дамыту дағдыларын жетілдіріп, әдемі әрі таза жазуға тәрбиелейді.

Сабақтың мақсаты

  • Қ дыбысымен таныстыру, Қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға және сөздерді буынға бөлуге үйрету.
  • Ойлау, есте сақтау және тіл дамыту дағдыларын жетілдіру.
  • Әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Ойын

Көрнекіліктер

  • Әліппе-дәптер
  • Әріптер
  • Текшелер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады.

2) Өткенді қайталау

Қайталау сұрақтары

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Практикалық тапсырма

О дыбысына байланысты сөздер мен сөйлемдер құратып, сөздерді буынға бөлгізу.

3) Жаңа сабақ: Қ дыбысы

Сабақ жұмбақ жасырудан басталады. Оқушылар жауапты тапқаннан кейін жаңа дыбысты анықтайды.

Жұмбақ 1

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.

Жауабы: Қоян

Жұмбақ 2

Екі айыр құйрықты,
Қияқ мұрт қанатты,
Ұшқырлардың жүйрігі.

Жауабы: Қарлығаш

Талқылау

  • «Қоян», «қарлығаш» сөздерінде бірінші естілетін дыбыс қандай?
  • Қ дыбысы — дауыссыз дыбыс.
  • Дауыссыз дыбыстар көк түсті текшемен белгіленеді.
Қ — дауыссыз дыбыс Белгісі: көк текше

Суретпен жұмыс (интерактивті тақта)

Тақтадағы суреттер бойынша сөздермен жұмыс жасалады: қалам, бақа, тарақ. Оқушылар сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап, Қ дыбысының сөздегі орнын анықтайды: сөздің басында, ортасында немесе соңында.

4) Дәптермен жұмыс

Оқушылар Ққ әрпінің баспа түрін дәптерге жазады.

5) Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік-биік өседі.

6) Карточкамен жұмыс

Берілген сөздердің ішінен Қ дыбысы бар сөздерді тауып, көк түсті қарындашпен астын сызу.

7) Ойын: «Кім жылдам?»

Оқушылар Қ дыбысынан басталатын сөздерді мүмкіндігінше көп және тез айтады.

8) Қорытынды

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін сауат ашу сабағында не істедік?
  • Қ дыбысы қандай дыбыс?
  • Қ дыбысы сөзде қалай орналасады?
  • Қандай түсті текшемен белгілейміз?

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, ерекше белсенділік танытқандардың аты аталады.